Павлодарда басына гүл шоғы құлаған аула сыпырушы полицияға арыз түсірді

Фото: pexels.com сайтынан алынды

Павлодарда аула тазалап жүрген әйелдің басына гүл шоғы құлады. Күтпеген сыйлыққа қуана қоймаған келіншек полиция қызметкерлерін шақырған, деп жазады KAZ.NUR.KZ облыстық полиция департаментіне сілтеме жасап.

Оқиға Павлодардағы Малайсары батыр көшесінде болған.

35 жастағы ер адам солған гүлдерді қоқысқа апарып тастаудың орнына терезедн лақтыруға шешім қабылдаған.

Гүл шоғы аула тазалап жүрген әйелдің басына құлаған. Осылайша, келіншек тәртіп сақшыларын шақырған. Аула сыпырушы тәртіп бұзушының гүлдерді қоқысқа тастамағанына наразы болған.

Тәртіп сақшылары гүл шоғының иесін анықтап, оған ұсақ бұзақылық фактісі бойынша әкімшілік хаттама толтырды. Ер адамға 15 мың теңге айыппұл салынған.

Автор: Нұрила Ермекбай

Оқи отырыңыз:

Подписывайтесь на наши аккаунты в социальных сетях:

Telegram, Instagram, Twitter, Facebook 

А также наша группа в Facebook