Павлодарда ер адам көшедегі адамдарға пышақ ала жүгірген

9
Фото pixabay.com сайтынан алынды

Павлодарда полиция қызметкерлері көшедегі адамдарға жөн-жосықсыз пышақ сілтеген ер адамды залалсыздандырды, деп хабарлайды zakon.kz.

Павлодар облыстық полиция департаменті атап көрсеткендей, 7 қыркүйекте сағат 11:10-да полицияға Павлодарда Камзин көшесі, 158 үй маңында ер адам қасынан өткендерге пышақ ала жүгіргені туралы хабарлама келіп түсті. Оқиға орнына патрульдік полиция батальоны бірден аттанды, олар ер адамды Қамзин көшесі, 162 үй маңынан байқаған.

Оқиға видеоға түсіп қалған.

Ер адам полицияның сабырға шақыру өтінішіне агрессивті түрде жауап берді. Ол айқайлап, айналасындағыларды балағаттап, пышағын оңды-солы сермей берді, — дейді Павлодар облысы ПД баспасөз қызметі.

Полиция ер адамды батальон офицерлері ұстағанын, пышақ тәркіленгенін атап өтті.

Павлодар қаласының 2001 жылғы тұрғынының облыстық психоневрологиялық диспансерде есепте тұрғаны анықталды. Полиция жедел жәрдем бригадасын шақырып, ер адамды жедел жәрдем ауруханасына жатқызды. Ер адамның «серуені» кезінде ешкім зардап шеккен жоқ, — дейді Павлодар облысы ПД баспасөз қызметі.

Оқи отырыңыз: