Павлодарда кәмелеттік жасқа толмаған қызды зорлаған азамат 12 жылға сотталды. Қылмыстық іс жабық режимде қаралды, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ Павлодар облыстық қылмыстық істер бойынша мамандандырылған ауданаралық сотқа сілтеме жасап.
Кәмелеттік жасқа толмаған қызды зорлауға қатысты қылмыстық іс материалдары бірнеше ай бойы қаралды. Нәтижесінде бірінші инстанция соты айыпталушы қылмыс жасады деген шешімге келіп, Павлодар тұрғынын 12 жылға соттады. Ол жазасын қатаң режимді колонияда өтейді.
Сот үкімі әзірге заңды күшіне енген жоқ. Қазір іс сотталушының қорғаушысы жүгінген апелляция алқасында жатыр. Іс жабық режимде өткендіктен, сотта кәмелеттік жасқа толмаған қыз оқиғасының мән-жайы айтылмады. Тек іс материалдарында зорлаудың бір ғана жағдайы бар екені белгілі.
Оқи отырыңыз:
- Startup Monthly Ventures компаниясының негізін қалаушы және бас директоры Astana Hub онлайн-жобасының сарапшысы болады
- Нұр-Сұлтанда әкім қызметінен кетті
- Ақтауда жалған доллар өткізбек болған әйел ұсталды
Фото pixabay.com сайтынан алынды
Біздің әлеуметтік желілердегі аккаунттарымызға жазылыңыз:
Telegram, Instagram, Twitter, Facebook
Сондай-ақ біздің Facebook –тегі тобымызға қосылыңыз