Павлодарда мас адам 4-қабаттың терезесінен құлап кетіп, аман қалды

Фото pixabay.com сайтынан алынды

Павлодарда мас адам төртінші қабаттың терезесінен құлап кетіп, үй жанындағы дүкеннің шатырына түскен, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан Павлодар облысы төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

«Сағат 01.13-те полиция департаментіне қоңырау шалып, Бекхожин көшесі, 7 мекенжайындағы «Корзинка» дүкенінің шатырына төртінші қабаттың терезесінен ер адам құлап түскенін хабарлаған. Оқиға орнына төрт құтқарушы аттанды. Олар шатырға көтеріліп, жәбірленушіні зембілге жатқызып, екінші қабаттағы пәтердің балконы арқылы дала шығарды», — делінген құтқару ведомствосының хабарламасында. 

Ер адамды жедел жәрдем дәрігерлері ауруханаға жеткізді.

Зардап шегуші 30 жылдан бері қалада тұратыны анықталды, ол мас болған.

Сол күні таңертең павлодарлық құтқарушылар тағы бір мекенжайға барды. Назарбаев даңғылындағы көпқабатты үйде екі жарым жасар бала есікті іштен бекітіп алып, қайтып ашпаған.

Оқиға орнына жеткен құтқарушылар альпинистік жабдықтың көмегімен бесінші қабаттың балконы арқылы түсіп, пәтерге кірді. Балаға көмек қажет болмады, ол ұйықтап қалған болып шықты.

Оқи отырыңыз: