Павлодарда көп қабатты үйдің пәтері өртеніп, 30 шақты тұрғын эвакуацияланды, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.
Облыстық төтенше жағдайлар департаментінің мәліметінше, 6 мамырда сағат 19.28-де Естай көшесі, 101 мекенжайы бойынша өрт шыққаны туралы хабарлама түскен.
«Он екі қабатты тұрғын үйдің үшінші қабатында екі бөлмелі пәтерде балкон, үй заттары, терезенің ағаш жақтаулары жанған. Өрт шалған аумақтың жалпы алаңы 6 шаршы метрді құрады. Өрт сөндіру бөлімшелері келгенге дейін «102» қызметі 12 адамды эвакуациялады», — дейді департаментте.
Сондай-ақ ТЖД бөлімшелерінің өрт сөндірушілері баспалдақ бойынша 15 адамды қауіпсіз жерге шығарды, олардың төртеуі — бала.
Апаттық медициналық орталық қызметкерлері 1939 және 1990 жылы туған әйелдерге және 1975 жылы туған ер адамға медициналық көмек көрсетті.
Оларға «жану өнімдерімен өткір ингаляциялық улану» диагнозы қойылды, ауруханаға жатқызудың қажеті болмады. Тілсіз жаудың шығу себебі мен келтірілген шығын көлемі анықталуда.
Оқи отырыңыз:
- «Үш кредитімнен құтылдым»: Төрт жылдан бері Кореяда жұмыс істейтін қазақстандық әйел шетелдегі табысы туралы айтты
- Соғыс және тыл ардагерлері пойызбен тегін жол жүре алады
- Қасым-Жомарт Тоқаев тұратын ауылда интернет жоқ