Павлодарда танысын зорлады деген күдікпен ер адам ұсталды

Фото көрнекілік үшін pixabay.com сайтынан алынды

Павлодарда әйел зорлады деген күдікпен ұландықтар ер адамды ұстады, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.  

«Шығыс» өңірлік қолбасшылығы баспасөз қызметінің ақпаратынша, 102 нөміріне әйел хабарласып, үйде оны таныс ер адам зорлағанын айтып арызданған.

Хабарлама түсе салысымен 5512 әскери бөлімінің әскери қызметкерлері оны бірден іздестіруге кірісті.

«Ұландықтар түнгі 22.30 шамасында Нұрмағамбетов көшесі бойындағы үйдің ауласында бір ер адамды байқаған. Ол әскери жасақты көргенде абдырап, сасқалақтай бастаған. Әскерилер оны ұстап, дереу полиция учаскесіне жеткізді», — делінген хабарламада.

Жәбірленуші күдіктіні бірден таныды.

Бұл дерек бойынша Қылмыстық кодекстің 120-бабы 1-тармағы бойынша (зорлау) қылмыстық іс қозғалды.

Оқи отырыңыз: