Басты бет Саясат Парламент Перуашев қара халықты қорқытып-үркіткен вице-министрдің мәлімдемесіне шүйлікті

Перуашев қара халықты қорқытып-үркіткен вице-министрдің мәлімдемесіне шүйлікті

Мәжіліс депутаты Азат Перуашев қаржы министрлігінің азаматтардың ақша аударымдарын тексеруге қатысты бастамасын қатаң сынға алды, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.

Жуырда қаржы вице-министрі Берік Шолпанқұлов ведомство келешекте қазақстандықтардың банк картасы арқылы жасайтын операцияларын тексеруді жоспарлап отырғанын айтқан еді. Осы мәлімдемеден кейін, Перуашевтың айтуынша, «Ақ жол» партиясына көптеген хат түскен. Мәлімдеме қоғамда үлкен дау туғызып, сынға ілінді.

«Вице-министрдің түсініктемесіне қарағанда, бұл шешімнің екі негізгі мақсаты бар: біріншісі, салықтан жалтарған кәсіпкерлердің табысын анықтау; ал екіншісі – бюджетке түсетін салықты ұлғайту. Жасырын табысты анықтауға қатысты мынаны еске салғым келеді. Президент өз жолдауында үкіметке шағын бизнесті 2020 жылдың 1 қаңтарынан үш жылға табыс салығынан босатуды тапсырды. Бұдан бөлек, шағын және орта бизнесті тексеруге үш жылға мораторий жариялады», — деді депутат үкімет басшысының бірінші орынбасары – қаржы министрі Әлихан Смайыловқа жолдаған депутаттық сауалында.

Оның үстіне, Перуашев атап өткендей, ШОБ-тан түсетін табыс салығы жергілікті бюджеттерге берілетін болады.

«Осылайша, шағын бизнес айналымын әкімшілеудің мәні жоғалып отыр. Азаматтар жеке картасымен миллиондап ақша аударады деп ойламаймын, басым бөлігінің қолында мұндай ақша да жоқ. Қарапайым халық банк картасымен азық-түлік, дәрі-дәрмек, киім-кешек сатып алғанда есеп айырысады», — деді ол.

Ол байлар мен кедейлер арасындағы алшақтық туралы ірі халықаралық аудиторлық компаниялардың бірі жариялаған деректерді келтірді. Зерттеу нәтижесі табысы жылына 100 мың доллардан асатын қазақстандықтардың үлесі небәрі 0,4% екенін көрсеткен. Халықтың 97%-і жылына 10 мың доллардан аз табыс тапса, Қазақстанның бүкіл кірісінің жартысы 0,001%-ке немесе 162 адамға тиесілі екен.

«Сол себепті 0,4 процент үшін азаматтардың қалған 99%-ін қорқытып-үркітудің қажеті жоқ», — деді Перуашев.

Депутат карта ұстайтындардың дені кредитке күн көріп отырғанын жеткізді.

«Құрметті салықшылар, төлем карталарын бақылау арқылы табысын жасырған миллионерлерді таппайсыздар. Бұл адамдар үкіметтен еш нәрсе сұрап отырған жоқ, өз нанын өзі тауып жүр. Одан да миллиондап пара бопсалап, миллиардтарын офшорға шығаратындардың ізіне түсіңіздер», — деп кеңес берді мәжілісмен.

Айтуынша, егер Қазақстанда жалпыға ортақ декларация күшінде болғанда, карта операцияларын бақылау орынды болар еді.

Бірақ, табыс декларациясы 2025 жылға дейін шегерілді. Сондықтан бұл бастаманың логикасы мүлде түсініксіз», — дейді ол.

Осы орайда депутат бюджет ақшасын оңды-солды шашатын араны ашылған шенеуніктерге шүйлікті.

«Даңғаза шараларды азайтыңдар, қымбат көлікке мінгенді қойыңдар, сонда ақша да жетеді, адамдар да салықтың дұрыстығына сенеді», — деді Перуашев.

Сөз соңында депутат «Ақ жол» фракциясының өтінішін жеткізді.

«Сізден вице-министр Шолпанқұловтың төлем картасы арқылы жасалатын операциялардың жекелеген түріне салық салу туралы мәлімдемесін растауды немесе жоққа шығаруды; егер министрліктің осындай жоспары болса, тым болмағанда, оны шағын бизнесті табыс салығынан босату мерзімі аяқталғанға дейін іске асырмауды сұраймыз», — деді ол.

Оқи отырыңыз:

Соңғы жаңалықтар

Мұсылман зиратына тасталған нәресте шетінеп кетті

Қостанай облысында мұсылман зиратынан тастанды шақалақ табылды. Безбүйрек анасы бейітке қалдырып кеткен сәби шетінеп кетіпті, деп хабарлайды КТК телеарнасы. Пакетке оралған баланы ата-бабасына тағзым етуге...

Нұр-Сұлтанда жол апаты болды — 13 адам ауруханаға жеткізілді

Елордада сағат 18:00-де "КамАЗ" пен автобус соқтығысты, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан полиция департаментіне сілтеме жасап. Құқық қорғау органының мәліметіне сәйкес, "КамАЗ" Ақжол көшесімен қозғалып келе...

Қордайдағы оқиға: Қамауға алынған кейбір күдіктілер босатылды

Қордай ауданындағы жаппай тәртіпсіздіктерге қатысы бар кейбір адамдар қамаудан босатылды, деп мәлімеді ҚР БП арнайы прокурорлары қызметінің жетекшісі Ризабек Ожаров ОКК-да өткен брифингте, деп...

1 маусымнан бастап елімізде қандай нысандар іске қосылады

Ведомствоаралық комиссия блок-бекеттерді алып тастау және бірқатар саланың жұмысын жандандыру туралы шешім қабылдады, деп хабарлайды zakon.kz. Бүгін ҚР Премьер-Министрінің орынбасары Ералы Тоғжановтың төрағалығымен Коронавирустың таралуына...

1 маусымнан бастап бүкіл Қазақстан бойынша блок-бекеттер алынып тасталады

1 маусымнан бастап бүкіл Қазақстан бойынша блок-бекеттер алынып тасталады, деп хабарлайды zakon.kz. Жалпы, Қазақстанда 313 халықаралық бағыттар жұмыс істейді, олар бойынша 610 автобусқа ие 88...

Алматы облысында 15 жасар қыз аяқ-астынан көз жұмды

Алматы облысында 2005 жылғы қыз кенеттен қайтыс болды. Оқиға орнына жеткен дәрігерлер оған көмектесе алмады, деп хабарлайды zakon.kz. Қайғылы оқиға туралы жазба Илзат Акчуриннің facebook-тегі...

14 жасқа дейінгі балалар ел ішінде ұшақпен тегін ұша алады

Мемлекет ата-аналары бірге ел ішінде саяхаттауға алып шыққан балалар тасымалы үшін әуе компанияларына ақы төлеуге дайын. Бұл туралы Туризм индустриясы комитетінің басшысы мәлімдеді, деп...