Петропавлда мемлекет басшылары мен жоғары лауазымды шенеуніктерге арналған демалыс орнынан шыққан өрт тексеріліп жатыр, деп хабарлайды КТК телеарнасы.
Аумақ облыс әкімінің шаруашылық басқармасына қарайды. Ондағылар тілсіз жаудан «ешкім зардап шеккен жоқ» деп отыр.
Бұл аумаққа анау-мынау адам еркін кіре алмайды. Бұрын тұрғындар «Обкомның саяжайы» деп атап келсе, қазір ел арасында «әкімнің резиденциясы» деп жүр. Мұнда күзетті өрт шыққалы күшейтіп жіберген. Қазір ауыр көліктермен күл-қоқысын тазартып жатыр. Тілсіз жауды құтқарушылар үш сағат бойы жабылып жүріп әзер ауыздықтаған. Демалыс үйлерінің көбісі ағаштан тұрзғызылған. Мамандар резиденция аумағы түгел жанып кете ме деп қорыққан екен. Бейресми дереккөздердің айтуынша, от жаңадан салынған демалыс үйінен тұтанған. Ол құрылыс Петропавлда өткен саммит кезінде Қазақстан мен Ресей президенттерінің демалуы үшін тұрғызылыпты.
Оқи отырыңыз:
- Аймағамбетов 1 қыркүйектен бастап мұғалімдердің жалақысы өсетінін айтты
- «Мың бас қойын сатып жіберген»: түркістандық шопан Нұр-Сұлтан қаласында ұсталды
- «Алданып жүрген – кілең қазақ әйелдері!»: заңгер желілік маркетингтің «құлдарын» сынады