Басты бет Оқиға Планшетке таласып, қарындасының басын жарып өлтірді (видео)

Планшетке таласып, қарындасының басын жарып өлтірді (видео)

Планшетке таластың соңы қайғылы аяқталды. Таразда туған қарындасын өлтірді деген күдікпен 15 жастағы бала ұсталды, деп хабарлайды КТК телеарнасы.

Сұмдық оқиға қаланың шеткі ауданында болды. Қаралы үй. Аулада қаптаған адам. Бірақ қайғыдан қан жұтқан жандардың ешкіммен сөйлесуге зауқы жоқ.

Қанды қылмыс түнгі 12 шамасында болыпты. Ауылдастардың айтуынша, ағасы мен қарындасы арасындағы планшетке талас күндіз басталған. Тіпті осы даудан кейін 10 жастағы қыз көршінің үйіне қашып келген.

Шынар Мырзахметова, көршісі:

— Қызды үйден шығарып жіберген. Келіп біздің талдың астына жатты. Қатты жауын жауып тұрды. Үстіне жабатын көрпеше алып жатты. Менің қолшатырымды алды. Сындырып қоя ма деп, қайтарып алдым. Сосын үйіне кеткен.  

Үйіне қайта оралған жеткіншекті өзінің туған ағасы тәтті ұйқыда жатқан жерінен балғамен ұрып өлтірген дейді көршілері. Ал денесін далаға сүйреп шығарып тастап, өзі түк болмағандей көппен бірге бауырын іздеген көрінеді.

4-сынып оқушысының өлі денесі көрші үйдің маңындағы бағананың түбінен табылған. Оны ең алғаш ауылдастың бірі анықтап, дереу жедел жәрдем шақыртыпты. Сол куәгердің айтуынша, марқұмның басына қатты соққы тиген болуы мүмкін. Әрі ол жойқын болса керек. Себебі, оның бас сүйегі жарылып кеткен.

— Көргенімді сөзбен айтып жеткізу қиын. Әлі өз-өзіме келе алатын емеспін. Басы қақ айырылған. Миы шашылып кеткен. Айналаның бәрі қан.

Тәртіп сақшылары бұл дерекке қатысты толық ақпар бермеді. Тек қайғылы жағдайдың болғанын және күдіктінің қамауға алынғанын растады.

Жандос Мәметқұлов, Тараз қалалық ПБ 2 полиция бөлімі бастығының орынбасары:

— Тергеу амалдарын жүргізу барысында жәбірленушінің ағасы 15 жасар күдікті анықталып ұсталды. Аталған дерек бойынша ҚР ҚК 99- бабы 3-тармағы (жас баланы өлтіру) бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізілуде.

Күдіктіге қатысты күзетпен ұстау түріндегі бұлтартпау шарасы белгіленіп, Тараз қаласының тергеу изоляторына қамалды.

15 жастағы бала қарындасын өлтірді дегенге көршілерінің көбі сенбейді. Ол тумысынан момын, жуас еді деп отыр. Ал қаза тапқан 10 жастағы қыз төрт  жылдан бері каратэмен шұғылданған екен. Айта кететін жағдай, бір перзентінен айрылып, екіншісі сотталғалы жатқан ерлі-зайыптының бес баласы болған.

Оқи отырыңыз:

Фото pixabay.com сайтынан алынды

Біздің әлеуметтік желілердегі аккаунттарымызға жазылыңыз:

Telegram, Instagram, Twitter, Facebook 

Сондай-ақ біздің Facebook –тегі тобымызға қосылыңыз

Соңғы жаңалықтар

Қазақстандықтар министрлер мен әкімдерге қарсы петиция бере алмайды

Бүгін сенаттың жалпы отырысында депутаттар Қазақстандағы петиция институтын реттейтін заңды мақұлдап, қандай мәселелер бойынша петиция беруге болмайтынын түсіндірді, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ. Бүгін сенаттың жалпы отырысында...

«Шекара» спектаклі туралы

ҚР ҰҚК Шекара қызметі Қостанай облысы бойынша департаменті облыстық драма театрымен бірге ҚР ҰҚК Шекара қызметі әскери қызметшілерінің жауынгерлік қызметі туралы "Шекара" атты спектакль...

Жетісу облысында нәрестені ұрлап кеткен ер адам ұсталды

Жетісу облысында әйелімен ұрсысып қалған ер адам 8 айлық нәрестені тартып алып, жасырын жерде ұстап отыр, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.   Тәртіп бұзушы ұсталды. Ал...

Елімізде қандай салық түрі қысқарады: Қаржы министрінің жауабы

Қаржы министрі Ерұлан Жамаубаев бүгін мәжіліс кулуарында президенттің тапсырмасы бойынша Қазақстанда қандай салықтарды қысқарту жоспарланып жатқанын айтты. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ хабарлайды. Журналистер министрден елде қашан...

Қазақстанда шомылу маусымы аяқталды: 3 айда 200-ге тарта адам суға кетті

Елімізде 31 тамызда суға түсу маусымы аяқталды, деп хабарлайды Ulysmedia.kz. Төтенше жағдайлар министрлігінің мәліметінше, жаз мезгілінде ведомствоның құтқарушылары судан 136 адамды құтқарды, оның 51-і –...

Джокович жаңа рекорд орнатты

Әлемдік рейтингте 2-орынла тұрған сербиялық теннисші Новак Джокович ерекше жетістікке жетті, деп хабарлайды BasSport.kz. Джокович 47-ші рет "Үлкен Дулыға" турнирінің жартылай финалына шықты. Осылайша ол карьерасын...

Маңғыстау облысында мектеп тапшылығы мәселесі шешілмей келеді

Маңғыстау облысы республикада туу көрсеткіші бойынша көш бастап тұр, деп жазады inbusiness.kz. Соның әсерінен жыл сайын бірінші сынып оқушыларының саны артып келеді. Жаңа мектептердің құрылысы...