Басты бет Саясат Президент Полиглот, дипломат және президент: Қасым-Жомарт Тоқаев 67 жасқа толды

Полиглот, дипломат және президент: Қасым-Жомарт Тоқаев 67 жасқа толды

Бүгін Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың туған күні. Мемлекет басшысы 67 жасқа толды, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.

Тоқаев туралы не білмеуіміз мүмкін

Қазақстан президенті – саяси ғылымдардың докторы, Дүниежүзілік гуманитарлық және жаратылыстану академиясының толық мүшесі, халықаралық қатынастар мәселелері бойынша ондаған кітаптың авторы.

Тоқаев – Шэньчжэнь университеті (ҚХР) мен Ресей сыртқы істер министрлігі дипломатиялық академиясының құрметті профессоры және Мюнхен қауіпсіздік конференциясы «Ақылдылар кеңесінің» мүшесі.

Орыс биографиялық қоғамының нұсқасы бойынша, Тоқаев «Жыл адамы – 2018» лауреаттарының тізіміне енді.

Ол 13 жыл бойы Қазақстан үстел теннисі федерациясын басқарды.

Тоқаев қанша тіл біледі

Қасым-Жомарт Тоқаев бес тілді біледі: қазақ, орыс, ағылшын, қытай және француз.

Тоқаев қандай әлеуметтік желілерді пайдаланады

Мемлекет басшысының екі әлеуметтік желіде – Twitter және Instagram-да ресми аккаунттары бар.

Бұған дейін президенттің баспасөз хатшысы Берік Уәли: «Facebook-те президент атынан тіркелген барлық парақшаларға сенуге болмайды, өйткені олар жалған», – деп мәлімдеді.

Президентке қалай жазуға болады

2019 жылдың 22 сәуірінде Ақорданың сайтында президенттің виртуалды қабылдауы басталды. Онда сіз сұрақтар, өтініштер, ұсыныстар мен шағымдар қалдыра аласыз.

Тоқаевтар отбасы туралы не білеміз

Қасым-Жомарт Тоқаев 1953 жылы 17 мамырда Алматы қаласында дүниеге келді.

Әкесі – Тоқаев Кемел Тоқаұлы (1923-1986), Ұлы Отан соғысының ардагері, белгілі жазушы, қазақ әдебиетіндегі детектив-шытырман жанрының негізін қалаушы.

Анасы – Шабарбаева Тұрар (1931-2000), шет тілдер пединститутында жұмыс істеген.

Қазақстан президенті ажырасқан, оның Тимур деген ұлы бар.

Президент қайда оқыды

Қазақстанның болашақ президенті 1975 жылы Мәскеу мемлекеттік халықаралық қатынастар институтын (МГИМО) бітірді.

Ол КСРО-ның Қытайдағы елшілігінде және 1983-1984 жылдары Пекин лингвистикалық институтында тәжірибеден өтті.

1992 жылы Ресей СІМ дипломатиялық академиясын бітірді.

Тоқаевтың еңбек жолы

1994 жылы Тоқаев Қазақстанның сыртқы істер министрі болып жұмыс істеді, бес жылдан кейін ол үкімет басшысы болды.

2002 жылдың қаңтарында ол мемлекеттік хатшы – сыртқы істер министрі болды.

2003-2007 жылдары – сыртқы істер министрі. Осы лауазымда Тоқаев ядролық қаруды таратпаудың ғаламдық процесіне белсенді қатысты.

2007 жылдың қаңтарында Тоқаев парламент сенатының төрағасы болып сайланды. Ал 2011 жылдың наурызында БҰҰ бас хатшысының орынбасары, БҰҰ-ның Женевадағы бөлімінің бас директоры болып тағайындалды.

2013 жылдың қазанында ол сенат спикері қызметіне қайта оралды.

Нұрсұлтан Назарбаев отставкаға кеткеннен кейін Тоқаев Қазақстанның басшысы болып, 2019 жылдың 20 наурызында ант қабылдады. 2019 жылғы 9 маусымда ол кезектен тыс президенттік сайлауда сайлаушылардың 70,96% қолдауымен жеңіске жетті.

Оқи отырыңыз:

Фото: Akorda.kz

Біздің әлеуметтік желілердегі аккаунттарымызға жазылыңыз:

Telegram, Instagram, Twitter, Facebook 

Сондай-ақ біздің Facebook –тегі тобымызға қосылыңыз

Соңғы жаңалықтар

Қазақстанда ауыл мектептерінің саны күрт азайды

Ұлттық статистика бюросы Қазақстан мектептері жайлы деректерді жариялады, деп хабарлайды Ulysmedia.kz. Бюро мәліметінше, 2022-2023 оқу жылында барлығы 7687 мектеп жұмыс істеді. Ондағы мектептердің 31,6% қалада,...

Сенат спикері: Халықтың ақшасы тиімсіз жұмсалды

Сенат спикері Мәулен Әшімбаев халықтың ақшасы тиімсіз жұмсалып жатқанын айтты, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі. Сенаттың бүгінгі отырысында арнайы экономикалық аймақтар мәселесі қаралды. Индустрия және инфрақұрылымдық...

Мектеп оқушысы 30-ға жуық тілді қалай меңгеріп алғанын айтты

14 жастағы Айбат Ахметжан тілдерді меңгеріп қана қоймай оның тарихын да зерттеп, көне тілдерде еркін сөйлей алады. Бұл туралы полиглот жасөпірім "Таңшолпан" бағдарламасында айтып...

Ақтөбеде сәбилер еңбектеп жарысты

Жеңімпаздар бағалы сыйлықпен марапатталды, деп жазады inbusiness.kz. Балаларды қорғау күніне Ақтөбеде ерекше шара өтті. Кішкентай бөбектер еңбектеуден жарысты. Шараға қатысуға тілек білдіргендер көп болды. Ал...

«Әл-Иттихад» Бенземаға 100 млн еуро жалақы ұсынған

Саудиялық "Әл-Иттихад" мадридітк "Реал" шабуылшысы Карим Бенземаның ұсынысқа жауап беруін күтіп отыр, деп хабарлайды bassport.kz тілшісі. Инсайдер Фабрицио Романоның мәліметінше, саудиялық клуб Бенземаға жылына 100...

Қазақстандық бітімгерлер Украинаға жіберіле ме

Қорғаныс министрінің орынбасары Сұлтан Қамалитденов Қазақстан бітімгерлерін Украинға жіберілмейтінін мәлімдеді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі. Бүгін мәжіліс ҰҚШҰ күштері мен құрылымдарына қатысты бірнеше заңды қабылдады....

Елімізде 43 градусқа дейін аптап ыстық болады деп күтілуде

Жаздың алғашқы күндері Қазақстанда ауа температурасы көтеріледі деп күтілуде. Кейбір өңірлерде 35 градустан жоғары аптап ыстық болады, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ "Қазгидромет" РМК ресми сайтына...