Полицей құрметіне: Виталий мен Виолетта баласының есімін Нұрбол деп қойды

29
Фото: Polisia.kz

Түркістан облысының тұрғындары баласына учаскелік полицей есімін берді. Кентаулық Виталий Барабаш екінші ұлын Нұрбол деп атады, деп жазады Sputnik Қазақстан.  

2019 жылдың күзінде полицей Нұрбол Темірханұлы Виолетта Барабашты перзентханаға жеткізуге көмектескен, деп хабарлайды Polisia.kz.

Үшқайық ауылдық округінің тұрғыны жедел жәрдем шақыра алмай, полицейдің көмегіне жүгінген. Нұрбол Темірханұлы әріптесімен бірге жарты сағатта олардың үйіне жетті.

Жүкті әйел мен күйеуін қызмет көлігіне отырғысып, перзентханаға жол тартқан. Алайда жолда әйелдің толғағы келіп, медициналық көмек қажет болды. Әйел Түркістанға кірген бетте полицейлердің көмегімен босанды.

Оларға жеткен жедел жәрдем көлігі ана мен баланы ауруханаға жеткізді.

Қазіргі уақытта полицей қиын жағдайға тап болған отбасыға көмектеседі. Отағасы жұмыс пен баспанасыз қалған. Денсаулығы да нашарлап кетті. Нұрбол Темірханұлы оларға баспананы жалға алуға қол ұшын созды. Азық-түлік пен киім-кешек апарып тұрады.

Оқи отырыңыз: