Басты бет Оқиға Полицейдің артында 4 айлық баласы қалды: Қостанай облысындағы қайғылы оқиғаның мән-жайы

Полицейдің артында 4 айлық баласы қалды: Қостанай облысындағы қайғылы оқиғаның мән-жайы

Қостанай облысының Тобыл қаласында полицей көз жұмды. Отбасында жанжал шығып, патрульдік полиция экипажы шақырылған. Полицей ер адамды ұстау кезінде жүрек тұсынан жарақат алып, қаза болды, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан Қостанай облысы полиция департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Көз жұмған сержант Дархан Базарбаев әріптесі Амангелді Сыздықовпен бірге жанжал шыққан үйге 6 минут ішінде жеткен. Бұған дейін сотталған 28 жастағы тұрғын екі пәтерлі үйде әпкесі, жездесі және олардың баласымен бірге тұрған. Мас ер адам оларды өлтіретінін айтып, қоқан-лоқы көрсеткен. Туыстары оны бір бөлмеге қамап, полиция шақырған.

Дархан Базарбаев ер адамның қаруын алып қойған, алайда өзінің қалай жарақат алғанын сезбей қалды. Оқиға орнына жеткен жедел жәрдем 1995 жылы туған сержанттың көз жұмғанын айтты. Артында 4 айлық баласы қалған.

«Қазіргі уақытта қылмыстық кодекстің 99-бабының 2-тармағына сәйкес, сотқа дейінгі тергеу басталды. Күдікті ұсталды. Қостанай облысы полиция департаментінің қызметкерлері сержант Дархан Базарбаевтың қаза болуына байланысты қайғырып көңіл айтады», — деді облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі.  

Оқи отырыңыз:

Соңғы жаңалықтар

1 маусымнан бастап қай қалаларға пойыздар жүре бастайды — толық тізім

2020 жылы 13 мамырда өткен Қазақстан Республикасы аумағында коронавирустық инфекцияның пайда болуы мен таралуына жол бермеу жөніндегі ведомствоаралық комиссия отырысында ел ішінде жолаушылар пойыздары...

Іле-Алатауы ұлттық паркінің бір бөлігі жекеменшік компанияның басқаруына берілді

Іле Алатауы ұлттық паркінің бір бөлігі 49 жылға жеке компанияның ұзақ мерзімді пайдалануына берілді, деп хабарлайды zakon.kz. ҚР ИДМ "Іле-Алатау мемлекеттік ұлттық табиғи паркі" РММ...

1 маусымнан бастап курорттар мен шипажайлар ашылады

Қазақстанда 1 маусымнан бастап курорттық, емдеу-сауықтыру нысандары ашылады, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан. Шешім премьер-министр орынбасары Ералы Тоғжановтың төрағалығымен өткен ведомствоаралық комиссия отырысында қабылданды. "2020 жылғы 1...

Індет жұқтырғандар саны артып барады, нақты шешімдер қажет – Тоқаев

Қалаларда карантин шаралары сақталмағандықтан індет жұқтырғандар саны артып барады, деді ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев twitter-дегі парақшасында, деп хабарлайды zakon.kz. - Қалаларда карантин шаралары сақталмағандықтан індет...

Автокөліктің терезесінен басын шығарған баланың ата-анасына айыппұл салынды (видео)

Әлеуметтік желіде кәмелетке толмаған балалардың жолда автокөліктің терезесінен басын шығарып отырған видеолары таралған еді. Ата-аналарына айыппұл салынды, деп хабарлайды Polisia.kz. Кәмелетке толмағандардың жүріп келе жатқан...

Шағын және орта бизнеске 160 миллиард теңге жеңілдетілген кредит берілді

Шағын және орта бизнес өкілдеріне 160 миллиард теңге көлемінде жеңілдетілген кредит берілді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан "Қазақстанның орнықтылық қоры" АҚ баспасөз қызметіне сілтеме жасап. Шағын...

Білім және ғылым министрі оқушыларды оқу жылының аяқталуымен құттықтады

ҚР Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов оқушыларды оқу жылының аяқталуымен құттықтады, деп хабарлайды zakon.kz. Биыл 1-10 сыныптарға арналған соңғы қоңырау онлайн режимінде өтеді. 3...