Полицейлердің үндеуі қазақстандықтарды күлкіге қарық қылды

Фото: видеодан алынған кадр

Сарысу ауданында ауа райы күрт нашарлады. Осыған байланысты Жамбыл облысының полицейлері халыққа үндеу жасады, деп хабарлайды Zakon.kz.

Үндеудің видеосы облыстық Полиция департаментінің Instagram парақшасында жарияланды.

Қазақстандықтардың реакциясы көп күттірмеді. Оларды екі полиция қызметкері мен жай киімдегі азамат бірдеңе айтуға тырысқан видеоролик күлкіге қарық қылды, қатты желден олардың дауыстары мүлдем естілмейді. Үшеуі де ұшып кете жаздап, әрең тұр.

«Бәрін түсіндік, рахмет», десті халық.

Сондай-ақ, ведомствоның парақшасында ауа райының нашарлауы туралы ақпарат жарияланды.

 

Посмотреть эту публикацию в Instagram

 

Публикация от ДП Жамбылской области (@zhambyl_police)

Бақытжан Отарбаева

Оқи отырыңыз:

Біздің әлеуметтік желілердегі парақшаларымызға жазылыңыз:

Telegram, Instagram, Twitter, Facebook 

Сондай-ақ біздің Facebook –тегі тобымызға қосылыңыз