Полиция көпір үстіне шығып кеткен алматылық туралы ақпарат таратты – видео

50
Фото: видеодан алынған кадр

Әлеуметтік желіде ер адамның эстакада төбесінде жүрген видео тарады. Алматы полициясы белгісіз ер адамның жол үстінен салынған көпір төбесіне не үшін шыққанын анықтады, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан Polisia.kz порталына сілтеме жасап.

Полицияның хабарлауынша, оқиға Әуезов ауданында №6 ықшам аудандағы Сайын көшесінің бойында болған. Сағат 18:20-да полицияға ер адамның көпірден секіруге тырысқаны туралы хабар түскен.

Оқиға орнына полиция қызметкерлері жеткенше 1982 жылы туған тұрғынды көпірден куәгерлер түсіріп алған.

«Содан кейін ер адам оқиға орнына барған «Буран-86″ көлігінің патрульдік жасағына тапсырылды. Ол өз әрекетін түсіндірді. Айтуынша, жұмыстан үйіне қайтып бара жатқанда телефон арқылы отбасындағы қайғылы хабарды естіген», — деді полиция департаментінің баспасөз қызметі.

38 жастағы ер адамға полиция және жедел жәрдем қызметкерлерімен бірге психологиялық көмек көрсетілді. Қазір ол дәрігерлердің бақылауына алынды.

Оқи отырыңыз:

Біздің әлеуметтік желілердегі аккаунттарымызға жазылыңыз:

Telegram, Instagram, Twitter, Facebook 

Сондай-ақ біздің Facebook –тегі тобымызға қосылыңыз