Басты бет Саясат Президент Президент Қасым-Жомарт Тоқаев бала құқықтары жөніндегі уәкіл Аружан Саинды қабылдады

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев бала құқықтары жөніндегі уәкіл Аружан Саинды қабылдады

Кездесу барысында балалардың денсаулығын сақтау мен әлеуметтік қорғау, сондай-ақ, кәмелет жасына толмаған жасөспірімдерге зорлық-зомбылық көрсетуге қарсы күрес секілді өзекті мәселелер жан-жақты талқыланды, деп хабарлайды MediaWorld.kz Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Аружан Саин шала туған әрі ретинопатия ауруына шалдығу салдарынан зағиптыққа ұшыраған сәбилердің проблемасын көтерді. Республика бойынша орта есеппен 20 мыңға жуық бала шала туады. Оның ішінде 4 мың баланың салмағы жетілмей дүниеге келеді. Бала құқықтары жөніндегі уәкілдің айтуынша, аталған мәселені шешу үшін өңірлердегі перинатальді орталықтар мен перзентханалар базасында тиімді офтальмологиялық жәрдем беру жұмысын ұйымдастыру қажет, сонымен қатар, жергілікті атқарушы органдармен сапалы байланыс орнатып, диагностикалық құралдармен жабдықтап, медицина қызметкерлерінің біліктілігін арттыру керек.

Аружан Саин Қазақстанда ағзаның функционалдық мүмкіндіктері түзілетін халықаралық классификацияны жедел енгізудің маңызды екенін атап өтіп, оның БЦП-ға шалдыққан, есту, көру және басқада ауру белгілері бар балалардың проблемаларын жүйелі шешуге ықпал ететінін айтты.

Қасым-Жомарт Тоқаев балалардың құқықтары мен денсаулығын сақтау ісі аса маңызды екеніне тоқталып, бұл мәселені әрдайым өзі жіті бақылап отыратынын атап өтті.

Оқи отырыңыз:

Біздің әлеуметтік желілердегі аккаунттарымызға жазылыңыздар:

Telegram, Instagram, Twitter, Facebook 

Сондайақ біздің Facebook тағы тобымызға қосылыңыздар

Соңғы жаңалықтар

Қазақстанда Қырым немесе Донбасс сценариі қайталанбайды – Тоқаев

Қазақстанда Қырым немесе Донбасс сценариі қайталанбайды. Бұл туралы Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев "Комсомольская правдаға" берген эксклюзивті сұхбатында айтты, деп хабарлайды zakon.kz. Кейбір сарапшылар Қырым немесе...

Нұр-Сұлтанда көпбалалы және мүгедек баласы бар аналар пәтер талап етті

Кем дегенде елу әйел пәтер беруді талап етіп, рұқсат етілмеген митингіге шықты. Наразылық білдірушілер – көпбалалы және мүгедек балалардың аналары, кейбірі кәмелетке толмаған баласын...

Тоқаев парламенттік оппозиция туралы конституциялық заңға қол қойды

Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев "Қазақстан Республикасының парламенті және оның депутаттарының мәртебесі туралы" конституциялық заңға енгізілген түзетулерге қол қойды, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.  Елімізде демократиялық үрдістерді...

Итін айуандықпен қорлаған адам заң алдында жауап беретін болды – Атырау

Атырауда өз итін буындырып, одан соң басын тоңазытқыштың есігіне қысып, айуандықпен қорлаған ер адам заң алдында жауап береді, деп хабарлайды КТК телеарнасы. Итін қорлаған иесінің...

Өзбек-қырғыз шекарасындағы бұлаққа талас төбелеске ұласқан

Өзбек-қырғыз шекарасындағы шиеленісті екі елдің құзырлы органдары бірлесіп тергейтін болды, деп хабарлайды КТК телеарнасы. Қос мемлекеттің үкіметі осындай келісімге келді. Шекаралық аймақтағы қақтығысқа кінәлілер заң...

Алматыда той жасауға рұқсат берілді ме

Алматыда банкет пен той өткізуге болмайды. Бұл жайында қаланың бас санитар дәрігері Жандарбек Бекшин брифинг барысында мәлімдеді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан. "Қазір қоғамдық тамақтану орындарының...

Марқұм полиция қызметкерінің анасы: Мен келінімнің сөзін растаймын…

Алматыдағы блок-бекеттегі көлік апатынан қайтыс болған полиция қызметкерінің бірінің анасы Президенттен көмек сұрады. Ол осыған дейінгі келінінің сөзін растап, кінәлілерді жазалауды сұрайды, деп хабарлайды...