Басты бет Саясат Президент Президент бөгеттің бұзылуы салдарынан зардап шеккендерге көмек көрсетуді тапсырды

Президент бөгеттің бұзылуы салдарынан зардап шеккендерге көмек көрсетуді тапсырды

Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Өзбекстанда бөгет бұзылып, Қазақстанның екі ауылын су басуына байланысты тапсырма берді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан

«Өзбекстандағы су қоймасы бөгетінің бұзылуы салдарынан Түркістан облысының Жеңіс және Жаңа тұрмыс ауылдарын су басты. Бүгін премьер-министр Асқар Мамин мен облыс әкімі Өмірзақ Шөкеев ауыл тұрғындарын эвакуациялау бойынша қабылданған шаралар туралы баяндады»,  — деп жазды ол Twitter-де.

Тоқаев сондай-ақ зардап шеккен отбасыларға көмек көрсетуді тапсырғанын атап өтті.

Бұған дейін Түркістан облысының әкімі Өмірзақ Шөкеев Мақтаарал ауданындағы бірнеше елді мекенді су басу жағдайы бақылауда екенін айтып, тұрғындарды дүрбелеңге салынбауға шақырған болатын.

Төтенше жағдайлар комитетінің хабарлауынша, 2020 жылдың 1 мамырында таңғы сағат 05:10-да Сардоба су қоймасы бөгетінің төменгі бөлігі шайылып кетуіне байланысты Өзбекстан Республикасының Сырдария облысы Сардоба ауданының аумағында су жайылған.

Негізгі су ағынын азайту үшін өзбек тарапы суару каналдары желісіне шлюзді ашты. Осыдан соң Түркістан облысы Мақтаарал ауданының шекара коллекторлары толып кетті, бұл судың каналдан шығып, Жеңіс және Жаңа Тұрмыс елді мекендерін басып қалуына әкеп соқтырды.

Сырдарияда бөгет бұзылды

Еске сала кетейік, Өзбекстанның Сырдария облысында су қоймасындағы бөгеттің бұзылуы салдарынан екі бала көз жұмды, 56 адам түрлі дәрежедегі жарақатпен ауруханаға түсті.

Бөгеттің бұзылуы салдарынан елді мекендерге, коммуникациялар желілері мен ауыл шаруашылығы жерлеріне үлкен шығын келді. Тұрғын үйлер мен басқа да нысандарды су басты.

Өзбекстан төтенше жағдайлар министрлігінің мәліметінше, ағынды су канал арқылы Арнасай көліне ағызылды. Бөгет бұзылған жерде жағалауды бекіту жұмыстары жүргізіліп жатыр.

Су қоймасы маңында тұратын 70 мыңға жуық адам қауіпсіз аймақтарға эвакуацияланды. Эвакуацияланған адамдар тамақпен, дәрі-дәрмекпен, демалуға арналған орындармен қамтамасыз етілді.

Оқиға орнына Өзбекстан президенті Шавкат Мирзиёев келді, үкіметтік комиссия құрылды.

Оқи отырыңыз:

Фото: Akorda.kz

Біздің әлеуметтік желілердегі аккаунттарымызға жазылыңыз:

Telegram, Instagram, Twitter, Facebook 

Сондай-ақ біздің Facebook –тегі тобымызға қосылыңыз

Соңғы жаңалықтар

Қайырымдылықты брендке айналдыру керек – сарапшылар «Тиімді қайырымдылық» жобасы туралы

Қазақстанда жыл сайын кемі 100 қайырымылық ұйымын тарту арқылы елдегі қайырымдылық қызметін одан әрі дамытуды көздейтін «Тиімді қайырымдылық» жобасы жүзеге асты. Осы саладағы сарапшы,...

Әр адамның дінге бас сұғып, пәтуа айтуы дұрыс емес – Әбдіғани Бәзілхан

Елімізде қандай да бір діни мәселеге қатысты «Қазақстан Мұсылмандары Діни басқармасының» қызметкерлерінен басқа адамға пәтуа айтқызуға болмайды. «Қазақстанның Даму Қауымдастығы» жүзеге асырып жатқан интернеттегі...

Құрбысынан өш алмақ болған қарағандылық оқушы полицейлерді аяғынан тік тұрғызды

Қарағандыда мектеп оқушысы құрбысының атынан қоқан-лоққы жасап, ақша талап етті, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан Polisia.kz сайтына сілтеме жасап. "City Mall" сауда орталығында бомба жасырылды деген...

Александр Бублик «Париж мастерс» турнирінде әлемнің 14-ракеткасын жеңіп кетті

Қазақстандық теннисші Александр Бублик "Париж мастерс" турнирінің екінші айналымына шықты. Ол әлемнің 14-ракеткасын жеңіп кетті, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ теннис федерациясына сілтеме жасап. Қазақстанның бірінші, әлемнің...

Мемлекеттік мекемелер мен ұйымдар бір мезетте әнұран орындады

Елорданың барлық ұйымдары мен кәсіпорындары Республика күніне орай бір мезетте әнұран орындады, деп жазады inbusiness.kz. Елорданың барлық мемлекеттік мекемелері мен кәсіпорындарында Республика күнін мерекелеуге арналған...

Риддер ЖЭО-ның бұрынғы басшыларына қатысты тергеу жүріп жатыр

Қаржылық мониторинг агенттігінің Шығыс Қазақстан облысы бойынша департаменті алаяқтық фактісі бойынша Риддер ЖЭО-ның бұрынғы басшыларына қатысты тергеу жүргізіп жатыр. Бұл туралы агенттік Telegram-дағы ресми...

Семейдегі мектептердің бірі қашықтықтан оқуға көшті

Семейде 2023 жылғы 23 қазанда №40 орта мектептің оқушылары қашықтан оқыту форматына көшірілді, деп хабарлайды Inbusiness.kz. "№40 орта мектепте сағат 9:08-де ғимараттың жертөлесінде орналасқан электрқалқан...