Президент: Халықтың жартысының айлық табысы 50 мың теңгеден аспайды

Фото pixabay.com сайтынан алынды

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев бизнес өкілдермен кездесуде халықтың жартысының айлық табысы 50 мың теңгеден аспайтынын айтты, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

«Халықаралық сарапшылар, атап айтқанда, KPMG Қазақстан байлығының тең жартысына 162 адам иелік етеді деп мәлімдеді. Сонымен қатар, халықтың жартысының айлық табысы 50 мың теңгеден аспайды. Бұл жылына 1300 доллардан сәл ғана асады. Мұндай ақшаға өмір сүру мүмкін емес», — деді Тоқаев.

Президент қоғамдағы бұндай қауіпті теңсіздікті шұғыл түрде өзгерту керек екенін жеткізді.

«Көп нәрсе сіздерге байланысты, құрметті кәсіпкерлер. Реформалар жөніндегі жоғары экономикалық кеңестің отырыстарының бірінде мен біздің елде олигополия бар екенін айттым. Мұнда отырғандардың барлығы олигополияның анықтамасын біледі деп үміттенемін — бизнестің бір қолға шоғырлануы және кәсіпкерлікке қабілетті басқа адамдарда бір уақытта онымен айналысу мүмкіндігінің болмауы-бұл ең қауіпті үрдіс», — деді мемлекет басшысы.

Айта кетейік, бұған дейін Қасым-Жомарт Тоқаев бір күндік жалақыны «Қазақстан халқына» қорына аудару идеясын сынға алған еді.

Автор: Сәке Қанатұлы

Оқи отырыңыз:

Біздің әлеуметтік желілердегі парақшаларымызға жазылыңыз: Telegram, Instagram, Twitter, Facebook 

Сондай-ақ біздің Facebook –тегі тобымызға қосылыңыз