Президент республикалық барлық жолдарды жөндеуден өткізуді тапсырды

33
Фото pixabay.com сайтынан алынды

2025 жылға дейінгі міндет — 24 мың шақырым жолды, яғни барлық республикалық жолдарды қайта жаңалап, жөндеп, жолдар бойын сервистермен қамтамасыз ету керек. Бұл туралы Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев өз Жолдауында айтты, деп хабарлайды zakon.kz.

Көліктік-логистикалық кешенді дамыту да кезек күттірмейтін мәселе.

— «Нұрлы жол» бағдарламасының бірінші кезеңін жүзеге асыру сәтті өтті, бұл ел астанасын аймақтармен «сәуле» қағидаты бойынша байланыстыруға мүмкіндік берді. Көлік жүйесінің жаңа инфрақұрылымдық негіздері қалыптасты, елдің әлемдік көлік дәліздеріне интеграциясы қамтамасыз етілді, Қазақстанның тарихи мәртебесі — Азия мен Еуропаны байланыстырушы буын ретінде қалпына келтірілді. Алайда, бұл саладағы бәсекелестік өте жоғары. Орталық Азия аймағында Қазақстанның транзиттік әлеуетін төмендетуге мүмкіндік беретін баламалы жобалар пайда болды, — деді Мемлекет басшысы.

Тоқаевтың айтуынша, «Нұрлы жолдың» екінші кезеңі біздің еліміздің көлік-транзиттік секторының жетекші рөлін нығайтуға бағытталуы керек.

— Қазақстанның бәсекеге қабілеттілігі серпінді инфрақұрылымдық жобалардың, жаңа елдер мен компанияларды тартудың, қызмет көрсету деңгейі мен транзиттік маршруттардың жылдамдығын арттырудың есебінен өсуі керек, деп сөзін қорытындылады ол.

Оқи отырыңыз: