Президент төрт мемлекеттегі елшіні ауыстырды

Фото pixabay.com сайтынан алынды

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстанның Чех, Корея, Хорватия және Сингапур Республикаларындағы елшілерін тағайындады, деп жазады Sputnik Қазақстан Ақордаға сілтеме жасап.

Мемлекет басшысының жарлықтарымен:

  • Бақыт Амангелдіұлы Дүйсенбаев Қазақстан Республикасының Чех Республикасындағы төтенше және өкілетті елшісі болып тағайындалды, ол Қазақстан Республикасының Корея Республикасындағы төтенше және өкілетті елшісі лауазымынан босатылды;
  • Марат Мұханбетқазыұлы Тәжин Қазақстан Республикасының Чех Республикасындағы төтенше және өкілетті елшісі лауазымынан босатылды;
  • Нұрғали Алмасбайұлы Арыстанов Қазақстан Республикасының Корея Республикасындағы төтенше және өкілетті елшісі лауазымына тағайындалды;
  • Ақылбек Әбсатұлы Камалдинов Қазақстан Республикасының Хорватия Республикасындағы төтенше және өкілетті елшісі болып тағайындалды, ол Қазақстан Республикасының Канададағы төтенше және өкілетті елшісі лауазымынан босатылды;
  • Қазақстан Республикасының Сингапур Республикасындағы төтенше және өкілетті елшісі Асқар Сейдахметұлы Құттықадам Қазақстан Республикасының Аустралия Одағындағы, Жаңа Зеландиядағы төтенше және өкілетті елшісі қызметін қоса атқарушы болып тағайындалды.