Басты бет Саясат Президент Президент төтенше жағдай кезінде кәсіпкерлерге көмектесетінін айтты

Президент төтенше жағдай кезінде кәсіпкерлерге көмектесетінін айтты

Қазақстанда шағын және орта бизнес кәсіпкерлерін қолдаудың жаңа пакеті әзірленеді. Бұл туралы мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев твиттерде жазды, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.

«Шағын және орта бизнес өкілдерінің үндеуімен мұқият танысып шықтым. Қазіргі төтенше жағдай кезінде көтеріліп отырған мәселелер өзекті. Барлық өтініштер мен ұсыныстар мұқият сарапталады. Сонымен қатар басқа да шаралар қарастырылады», — деп жазды президент.

Тоқаев әлеуметтік-экономикалық шаралардың жаңа пакеті әзірленген соң, қабылданған шешімдерді жария етуге уәде етті.

Бұған дейін мейрамхана қожайындары мен басқа да бизнес өкілдері президентке ұжымдық хат жолдаған еді.

ШОБ өкілдері қосылған құн салығы мөлшерлемесін, жеке табыс салығын төмендетуді, 36 айға пайызсыз кредит беруді, кепіл ұсыну қажеттілігінен босатуды, ағымдағы кредиттер бойынша өсімпұл пен айыппұлды алып тастауды және қарызды қайта қаржыландыру мүмкіндігін қарастыруды сұраған болатын.

Айта кетсек, шағын және орта бизнестің жекелеген санаттары, оның ішінде сауда ойын-сауық орталықтары, кинотеатрлар, көрмелер  мүлік салығын және салықтар бойынша қарызын төлеуден уақытша босатылды. Бұдан бөлек, жалпы тәртіпте жұмыс істейтін 72 мың кәсіпкер жыл соңына дейін он пайыздық жеке табыс салығын төлемейді.

16 наурыздан бастап Қазақстанда коронавирусқа байланысты төтенше жағдай жарияланды. Осыған байланысты көптеген ШОБ субъектілері жұмысын уақытша тоқтатуға мәжбүр болды.

Оқи отырыңыз:

Фото Akorda.kz сайтынан алынды

Біздің әлеуметтік желілердегі аккаунттарымызға жазылыңыз:

Telegram, Instagram, Twitter, Facebook 

Сондай-ақ біздің Facebook –тегі тобымызға қосылыңыз

Соңғы жаңалықтар

1 маусымнан бастап қай қалаларға пойыздар жүре бастайды — толық тізім

2020 жылы 13 мамырда өткен Қазақстан Республикасы аумағында коронавирустық инфекцияның пайда болуы мен таралуына жол бермеу жөніндегі ведомствоаралық комиссия отырысында ел ішінде жолаушылар пойыздары...

Іле-Алатауы ұлттық паркінің бір бөлігі жекеменшік компанияның басқаруына берілді

Іле Алатауы ұлттық паркінің бір бөлігі 49 жылға жеке компанияның ұзақ мерзімді пайдалануына берілді, деп хабарлайды zakon.kz. ҚР ИДМ "Іле-Алатау мемлекеттік ұлттық табиғи паркі" РММ...

1 маусымнан бастап курорттар мен шипажайлар ашылады

Қазақстанда 1 маусымнан бастап курорттық, емдеу-сауықтыру нысандары ашылады, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан. Шешім премьер-министр орынбасары Ералы Тоғжановтың төрағалығымен өткен ведомствоаралық комиссия отырысында қабылданды. "2020 жылғы 1...

Індет жұқтырғандар саны артып барады, нақты шешімдер қажет – Тоқаев

Қалаларда карантин шаралары сақталмағандықтан індет жұқтырғандар саны артып барады, деді ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев twitter-дегі парақшасында, деп хабарлайды zakon.kz. - Қалаларда карантин шаралары сақталмағандықтан індет...

Автокөліктің терезесінен басын шығарған баланың ата-анасына айыппұл салынды (видео)

Әлеуметтік желіде кәмелетке толмаған балалардың жолда автокөліктің терезесінен басын шығарып отырған видеолары таралған еді. Ата-аналарына айыппұл салынды, деп хабарлайды Polisia.kz. Кәмелетке толмағандардың жүріп келе жатқан...

Шағын және орта бизнеске 160 миллиард теңге жеңілдетілген кредит берілді

Шағын және орта бизнес өкілдеріне 160 миллиард теңге көлемінде жеңілдетілген кредит берілді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан "Қазақстанның орнықтылық қоры" АҚ баспасөз қызметіне сілтеме жасап. Шағын...

Білім және ғылым министрі оқушыларды оқу жылының аяқталуымен құттықтады

ҚР Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов оқушыларды оқу жылының аяқталуымен құттықтады, деп хабарлайды zakon.kz. Биыл 1-10 сыныптарға арналған соңғы қоңырау онлайн режимінде өтеді. 3...