Басты бет Саясат Президент Президент Тоқаев 42 500 теңгеге қатысты үкіметке шұғыл тапсырма берді

Президент Тоқаев 42 500 теңгеге қатысты үкіметке шұғыл тапсырма берді

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев халыққа 42 500 теңгені тарату жұмысына көңілі толмайтынын айтты, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.

Осы уақытқа дейін әлеуметтік төлемге өтініш берген азаматтардың саны 1,7 миллион адамға жетті. Олардың басым бөлігі электронды түрде өтінім жолдаған.

«Алайда әлеуметтік төлемді тарату механизмінің толығымен дайын болмағанын ашық айтуымыз керек. Ведомствоның шұғыл шешімдері «жол-жөнекей» қабылданды. Орталық және жергілікті мемлекеттік органдардың түсіндіру жұмыстары да көңіл көншітерлік емес», — деді Тоқаев төтенше жағдай жөніндегі мемлекеттік комиссияның бүгінгі отырысында.

Мемлекет басшысының айтуынша, түсіндіру шаралары дұрыс жүргізілмегеннен кейін әркім әрқалай қабылдады, халық арасында түсініспеушілік пайда болды.

«Адамдар өз денсаулығына қауіп төндіріп, банктерде есепшот ашамыз немесе бірыңғай жиынтық төлемді жасаймыз деп ұзын-сонар кезекте тұруға мәжбүр болды. Осыған байланысты үкімет шұғыл түрде 42 500 теңгені алудың нақты механизмін әзірлеп, барлық бұқаралық ақпарат құралы мен әлеуметтік желіде шығаруы тиіс. Әрбір адам үйден шықпай, мемлекеттің көмегін алуы керек», — деп атап көрсетті Тоқаев.

Осы орайда президент әлеуметтік төлемді тек шын мәнінде көмекке зәру және төтенше жағдайда қаржылай қиындаққа тап болған азаматтарға ғана беру керектігін жеткізді. Ал осы жағдайды пайдаланып, алаяқтық жасайтындарды көпшіліктің алдында айыптау қажет.

Оқи отырыңыз:

Фото Akorda.kz сайтынан алынды

Біздің әлеуметтік желілердегі аккаунттарымызға жазылыңыз:

Telegram, Instagram, Twitter, Facebook 

Сондай-ақ біздің Facebook –тегі тобымызға қосылыңыз

Соңғы жаңалықтар

Қазақстанда Қырым немесе Донбасс сценариі қайталанбайды – Тоқаев

Қазақстанда Қырым немесе Донбасс сценариі қайталанбайды. Бұл туралы Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев "Комсомольская правдаға" берген эксклюзивті сұхбатында айтты, деп хабарлайды zakon.kz. Кейбір сарапшылар Қырым немесе...

Нұр-Сұлтанда көпбалалы және мүгедек баласы бар аналар пәтер талап етті

Кем дегенде елу әйел пәтер беруді талап етіп, рұқсат етілмеген митингіге шықты. Наразылық білдірушілер – көпбалалы және мүгедек балалардың аналары, кейбірі кәмелетке толмаған баласын...

Тоқаев парламенттік оппозиция туралы конституциялық заңға қол қойды

Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев "Қазақстан Республикасының парламенті және оның депутаттарының мәртебесі туралы" конституциялық заңға енгізілген түзетулерге қол қойды, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.  Елімізде демократиялық үрдістерді...

Итін айуандықпен қорлаған адам заң алдында жауап беретін болды – Атырау

Атырауда өз итін буындырып, одан соң басын тоңазытқыштың есігіне қысып, айуандықпен қорлаған ер адам заң алдында жауап береді, деп хабарлайды КТК телеарнасы. Итін қорлаған иесінің...

Өзбек-қырғыз шекарасындағы бұлаққа талас төбелеске ұласқан

Өзбек-қырғыз шекарасындағы шиеленісті екі елдің құзырлы органдары бірлесіп тергейтін болды, деп хабарлайды КТК телеарнасы. Қос мемлекеттің үкіметі осындай келісімге келді. Шекаралық аймақтағы қақтығысқа кінәлілер заң...

Алматыда той жасауға рұқсат берілді ме

Алматыда банкет пен той өткізуге болмайды. Бұл жайында қаланың бас санитар дәрігері Жандарбек Бекшин брифинг барысында мәлімдеді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан. "Қазір қоғамдық тамақтану орындарының...

Марқұм полиция қызметкерінің анасы: Мен келінімнің сөзін растаймын…

Алматыдағы блок-бекеттегі көлік апатынан қайтыс болған полиция қызметкерінің бірінің анасы Президенттен көмек сұрады. Ол осыған дейінгі келінінің сөзін растап, кінәлілерді жазалауды сұрайды, деп хабарлайды...