Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев туған күнін қалай атап өтетіні белгілі болды. Бұл жайында президенттің баспасөз хатшысы Берік Уәли Facebook парақшасында мәлімдеді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.
Биылғы 17 мамыр, жексенбі күні президент Қасым-Жомарт Тоқаев 67 жасқа толады. Осыған орай, оның баспасөз хатшысына бірқатар ақпарат құралдары өкілдерінен мемлекет басшысы туған күнін қалай атап өтетіні туралы сауал жолданған.
«Қасым-Жомарт Кемелұлы үйінде жұмыс істейді. Аталған датаға орай ешқандай шара өтпейді. Тіпті, президент әкімшілігінің қызметкерлеріне туған күнімен құттықтамау, естелік сыйлықтар тарту етпеу туралы ескерту жасалды», – деп жазады Уәли Facebook парақшасында.
Сондай-ақ, Уәли президенттің бұл күнді тойлағанды ұнатпайтынын айтады. Өйткені ол кісінің отбасында балалардың да, ересектердің де туған күні тойланбайды. Ондай дәстүр қалыптаспаған.
«Дегенмен, ертең Қасым-Жомарт Кемелұлын туған күнімен көршілес мемлекеттердің басшылары телефон арқылы құттықтайды деп күтілуде», – деп толықтырды Тоқаевтың баспасөз хатшысы.
Оның айтуынша, қазірдің өзінде көптеген мемлекет және үкімет басшыларының, парламент төрағалары мен халықаралық ұйым жетекшілерінің құттықтаған жедел хаттары келіп жатыр.
Оқи отырыңыз:
- Алматыда ірі сауда орталықтары қашан іске қосылады
- Нұр-Сұлтанда қайтыс болған әйелдің өліміне коронавирустың қатысы жоқ – әкімдік
- Шығыс Қазақстанда жол апатынан төрт адам көз жұмды
Фото: Akorda.kz
Біздің әлеуметтік желілердегі аккаунттарымызға жазылыңыз:
Telegram, Instagram, Twitter, Facebook
Сондай-ақ біздің Facebook –тегі тобымызға қосылыңыз