Қызылорда қаласында жанжал кезінде ер адам әйелге пышақ ала жүгірген. Жәбірленуші жансақтау бөліміне түсті, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.
Ресми мәліметке сәйкес, қалалық полиция басқармасының адам өлтіруге оқталу дерегі бойынша хабар түскен. Демалыс орындарының бірінде қала тұрғындарының арасында жанжал шыққан.
Посмотреть эту публикацию в Instagram
Сол кезде ер адам әйелге пышақпен бірнеше рет ауыр жарақат салды. Жәбірленуші дереу жансақтау бөліміне жеткізілді. Полицейлердің күдіктіні ұстады. Оны уақытша ұстау абақтысына қамап қойды.
Қазіргі кезде Қылмыстық кодексінің 24 бабы, 3 – бөлігі және 99 бабының 1 – бөлігі (адам өлтiруге оқталу, яғни басқа адамды құқыққа қарсы қасақана қазаға ұшыратуға оқталу) бойынша сотқа дейінгі тергеу шаралары басталды.
Оқи отырыңыз:
- Ресейлік депутаттың Қазақстанға қарата айтқан мәлімдемесіне Ақылбек Күрішбаев жауап берді
- «Әлем чемпионатына жолдама алуға тырысамыз»: Отандық гимнастар әлем кубогінен екі медаль жеңіп алды
- Аружан Жазылбекова: Ақшаны қызыңыздың тойына емес, оның білім алуына жұмсаңыз