Қарағандыда полиция қызметкері ауысымнан кейін үйге оралып, қиылыста бағдаршамның сары түсіне қозғалып кетті. Ол ішінде бір жасар бала бар көлікпен соқтығысты, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.
Қайғылы оқиға 19 қазан сағат 21:45-те Республика даңғылы мен Дүйсембеков көшесінің қиылысында болған. Қарағанды облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі хабарлағандай, Mercedes көлігінің тізгінінде отырған 37 жастағы полиция қызметкері қиылыста сары түске өткен. Рөлде 29 жастағы жүргізуші отырған «ВАЗ-2114» көлігімен соқтығысты.
«Жол апаты салдарынан «ВАЗ-2114″ көлігінде болған бір жасар бала алған жарақаттан көз жұмды. Автокөлік жүргізушісі мен 27 жастағы жолаушы түрлі жарақатпен медициналық мекемеге жеткізілді», — деп хабарлады облыстық ведомствоның баспасөз қызметі.
Қылмыстық кодекстің 345-бабы 3-бөлігі бойынша қылмыстық іс тіркелді.
Полицей уақытша ұстау изоляторына қамалды.
Оқи отырыңыз:
- Қазақстанда 20 қазаннан бастап карантин жеңілдейді – Цой
- Дәрігердің қателігі дәлелденсе, науқас өтемақы ала алады
- Тараз маңындағы жолда бір адам көз жұмып, алтауы ауруханаға жатқызылды