Ресей Қазақстанның уран өндірісі саласына инвестиция салуға мүдделі

Фото: официальный сайт "Казатомпрома"

Ресей тарапы Қазақстанның уран өндіру саласына инвестиция салуға мүдделі. Бұл туралы премьер-министр Әлихан Смайыловтың Қазақстанға жұмыс сапарымен келген «Росатом» мемлекеттік корпорациясының бас директоры Алексей Лихачевпен кездесу барысында мәлім болды, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.

Кездесу барысында тараптар энергетика саласындағы ынтымақтастық, соның ішінде уран өндіру жобалары бойынша өзара іс-қимылды кеңейту мәселелерін талқылады.

«Ресей тарапының екі елдің энергетикалық қауіпсіздігін нығайту мақсатында Қазақстанның уран өндіру саласына бұдан арықарай да инвестиция салуға мүдделі екені аталып өтті», — делінген үкіметтің ресми сайтында.

Сонымен қатар, атом энергетикасы саласындағы ынтымақтастық перспективалары қаралды. Кездесу қорытындысы бойынша Әлихан Смайылов пен Алексей Лихачев қолданыстағы жобаларды табысты жүзеге асыру үшін өзара іс-қимылды тығыз жалғастыруға және тиімді серіктестіктің жаңа бағыттарын талқылауға дайын екендіктерін растады.

Оқи отырыңыз: