Ресей нөмірлі көлік мінген қазақстандық 5 жылға сотталды

Фото pixabay.com сайтынан алынды

Ресей Федерациясының мемлекеттік тіркеу нөмірі тағылған көлік жүргізуші бір отбасының үш мүшесін қағып кетіп, олар оқиға орнында қаза тапты, жүргізуші 5 жылға бас бостандығынан айырылды, деп хабарлайды Zakon.kz.

2021 жылғы 7 сәуірде сағат 14:00 шамасында Атбасар ауданы Борисовка ауылы маңындағы «Атбасар-Көкшетау» бағытындағы автожолдың 177 шақырымында ресейлік нөмірлі «Богдан 2110» маркалы автокөлік жүргізушісі алдындағы көлікті басып озу үшін қарсы жолаққа шықты. Нәтижесінде үш көлік соқтығып, оқиға орнында бір отбасының үш мүшесі: «Volkswagen Passat» көлігінің жүргізушісі және екі жолаушы алған жарақаттардан қайтыс болды, деді Ақмола облысы ПД баспасөз қызметі.

«Gaz 330252-0244» автокөлігінің жолаушысы жарақат алған. Іс материалдары сотқа жіберілді.

Атбасар аудандық сотының үкімімен «Богдан 2110» маркалы автокөлік жүргізушісі ҚР ҚК 345-бабының 4-бөлігі бойынша кінәлі деп танылды және оған 5 жыл мерзімге бас бостандығынан айыру, 7 жыл мерзімге көлік құралдарын жүргізу құқығынан айыру жазасы тағайындалды, – деп қосты Ақмола облысы ПД баспасөз қызметі.

Бақытжан Отарбаева

Оқи отырыңыз:

Біздің әлеуметтік желілердегі парақшаларымызға жазылыңыз:

Telegram, Instagram, Twitter, Facebook 

Сондайақ біздің Facebook тегі тобымызға қосылыңыз