Басты бет Әлем Ресейде Қазақстан ішкі істер министрлігінің подполковнигі өлі табылды

Ресейде Қазақстан ішкі істер министрлігінің подполковнигі өлі табылды

Санкт-Петербург қаласында Қазақстан ішкі істер министрлігінің ардагері қаза болды деген ақпаратқа қатысты РФ тергеу комитеті түсініктеме берді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.

Ресейлік бұқаралық ақпарат құралдарында кеше, 21 қаңтар күні сағат төрттер шамасында подполковникті өз үйінің жанында жасөспірімдер соққыға жығып, өлтірді деген ақпарат тарады. Шұғыл ауруханаға жеткізілген 62 жастағы ардагер бір сағаттан кейін көз жұмған.

РФ тергеу комитетінің Санкт-Петербург бойынша басқармасы осы оқиғаға қатысты ресми хабарлама жариялады. Оған сәйкес, тергеуге дейінгі тексеріс басталды. Алдын ала мәлімет бойынша ер адам жазатайым оқиға кезінде қатты жарақат алды. Ол өз пәтеріне кіріп бара жатқанда шалқасынан құлаған.

«Оқиға орнында тексеріс жүргізілді. Куәгерлерден жауап алынып жатыр. Сот-медициналық сараптама өткізіледі. Тергеу қызметінде оқушылардың ер адамды өлтіргені туралы ақпарат жоқ. Ал олардың қамалғаны туралы ақпарат шындыққа жанаспайды. Тергеуге дейінгі тексерістің нәтижесі бойынша процессуалды шешім қабылданады», — деп хабарлады тергеу комитеті.

«Журналистік зерттеу» агенттігінің мәліметіне сәйкес, Вячеслав Жексенов Қазақстанның ішкі істер министрлігі төтенше жағдайлар комитетінде жұмыс істеген. Подполковник шенінде зейнетке шықты.

2014 жылы Жексенов Санкт-Петербург қаласына көшіп, кәсіпкерлерге кеңес беру бойынша шағын бизнес ашқан.

Оқи отырыңыз:

Соңғы жаңалықтар

Қазақстанда Қырым немесе Донбасс сценариі қайталанбайды – Тоқаев

Қазақстанда Қырым немесе Донбасс сценариі қайталанбайды. Бұл туралы Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев "Комсомольская правдаға" берген эксклюзивті сұхбатында айтты, деп хабарлайды zakon.kz. Кейбір сарапшылар Қырым немесе...

Нұр-Сұлтанда көпбалалы және мүгедек баласы бар аналар пәтер талап етті

Кем дегенде елу әйел пәтер беруді талап етіп, рұқсат етілмеген митингіге шықты. Наразылық білдірушілер – көпбалалы және мүгедек балалардың аналары, кейбірі кәмелетке толмаған баласын...

Тоқаев парламенттік оппозиция туралы конституциялық заңға қол қойды

Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев "Қазақстан Республикасының парламенті және оның депутаттарының мәртебесі туралы" конституциялық заңға енгізілген түзетулерге қол қойды, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.  Елімізде демократиялық үрдістерді...

Итін айуандықпен қорлаған адам заң алдында жауап беретін болды – Атырау

Атырауда өз итін буындырып, одан соң басын тоңазытқыштың есігіне қысып, айуандықпен қорлаған ер адам заң алдында жауап береді, деп хабарлайды КТК телеарнасы. Итін қорлаған иесінің...

Өзбек-қырғыз шекарасындағы бұлаққа талас төбелеске ұласқан

Өзбек-қырғыз шекарасындағы шиеленісті екі елдің құзырлы органдары бірлесіп тергейтін болды, деп хабарлайды КТК телеарнасы. Қос мемлекеттің үкіметі осындай келісімге келді. Шекаралық аймақтағы қақтығысқа кінәлілер заң...

Алматыда той жасауға рұқсат берілді ме

Алматыда банкет пен той өткізуге болмайды. Бұл жайында қаланың бас санитар дәрігері Жандарбек Бекшин брифинг барысында мәлімдеді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан. "Қазір қоғамдық тамақтану орындарының...

Марқұм полиция қызметкерінің анасы: Мен келінімнің сөзін растаймын…

Алматыдағы блок-бекеттегі көлік апатынан қайтыс болған полиция қызметкерінің бірінің анасы Президенттен көмек сұрады. Ол осыған дейінгі келінінің сөзін растап, кінәлілерді жазалауды сұрайды, деп хабарлайды...