Ресей соты америкалық Meta компаниясын экстремистік ұйым деп таныды, деп жазады ulysmedia.kz.
Осылайша Ресейде сот шешіммен Facebook пен Instagram-ға тыйым салынды. Ал WhatsApp мессенджері жұмысын жалғастырады. Алайда прокуратура өкілдері Facebook немесе Instagram-ды қолданған ресейліктердің жазаланбайтынын айтуда.
Бас прокуратура бұл талапты ресейліктердің құқығын одан әрі бұзудан қорғау деп түсіндірді. Мәлімдемеде Instagram-ның Ресейдің Украинадағы арнайы операциялары туралы жалған мәліметтерді жою және рұқсат етілмеген митингілерге шақыру туралы 4,5 мыңнан астам талапты елемегені айтылды.
Сонымен қатар Ресейдің Бас прокуратурасы Meta өз ережелерін бұзып, Ресей әскеріне зәбір көрсеткен жарияланымдарға рұқсат бергенін атап өтті.
Оқи отырыңыз:
- Қар, жаңбыр жауады: синоптиктер алдағы үш күнде ауа райы қандай болатынын айтты
- Нұр-Сұлтаннан шыға берісте 100-ден астам көлік кептеліп қалды (видео)
- Ақмола облысында екі бала жол апатынан көз жұмды