Ресей президенті Владимир Путин санитарлық-эпидемиологиялық жағдайға байланысты жиын өткізді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.
«Соңғы ақпаратқа сәйкес, Ресейде коронавирусқа байланысты жағдай тұрақталып келеді», — деді ол.
Ол Мәскеу мен бірқатар өңірде күн сайын вирус жұқтыратындар саны азайғанын айтты.
«Әзірге бұл динамика біз күткендегідей емес. Осыдан бір апта бұрын Ресейде COVID-19 инфекциясын жұқтыру өсімі 5,9% болатын. Бұл көрсеткішке 3,5 процентке дейін төмендеді», — деді ол.
Соңғы тәулікте көрші елдегі 84 өңірде 8 894 адам коронавирус жұқтырды. 150 адам көз жұмған.
Барлығы Ресейде 326 448 адамда COVID-19 расталған. 3 249 адам қайтыс болған.
Қазақстанда барлығы 7 597 адам індетке шалдықты, 4 096-сы жазылып шықты. 35 науқас көз жұмды.
Фото pixabay.com сайтынан алынды
Оқи отырыңыз:
- Қостанайда тойхана иелері бас көтерді (видео)
- Журналистер арасында Бейсен Құранбек атындағы «Жігер» сыйлығы жарияланды
- «Самұрық-Энерго» АҚ өзінің шығыстарын қысқартады
Біздің әлеуметтік желілердегі аккаунттарымызға жазылыңыз:
Telegram, Instagram, Twitter, Facebook
Сондай-ақ біздің Facebook –тегі тобымызға қосылыңыз