Ресейде жүрген Қазақстанның заңсыз мигранттарына үндеу

78
Фото: Қазақстанның Ресейдегі Елшілігі

Ресейде жүрген Қазақстан азаматтарына үндеу жасалды. Ресей Федерациясы ІІМ-нің талабына сәйкес, Ресейде заңсыз жүрген Қазақстан азаматтары 2021 жылдың 15 маусымына дейін елден кетуге немесе Ресей Федерациясында одан әрі болуын заңдастыру бойынша шаралар қабылдауы тиіс, деп хабарлайды zakon.kz Қазақстанның Ресейдегі Елшілігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Заңсыз жүрген азаматтар санатына мүлдем тіркеуге тұрмаған немесе уақытша тіркеуінің, уақытша тұруға рұқсатының (РВП) және тұрғылықты тұруға рұқсатының (ВНЖ) уақыты өтіп кеткен азаматтар жатады. Сонымен қатар, заңды негіздер болған жағдайда (жұмыс, оқу және т.б.) қазақстандықтар Ресейден шықпай, елде уақытша болу мерзімдерін ұзарту үшін ІІМ органдарына жүгінуге құқылы. Бұл жағдайда азаматтарға қатысты жауапкершілікке тарту шаралары қолданылмайды.

Егер Ресейде болу мерзімін заңды түрде ұзартудан бас тартса және елден өз еркімен кеткісі келмесе, құқық бұзушыларды елден мәжбүрлеп шығару және Ресейге кіруге шектеу қою шаралары қолданылуы мүмкін.

Оқи отырыңыз: