Басты бет Қоғам Ресейлік мектепте қазақ сыныбы ашылды

Ресейлік мектепте қазақ сыныбы ашылды

Түмен облысында үшінші қазақ сыныбы ашылды. Алғашқы ашық сабаққа оқушылардың ата-аналары, ата-әжелері келді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.

«Қазақ тілінен алғашқы ашық сабаққа 40 оқушы, ата-аналары мен туыстары келді. Сыныпқа оқушы қабылдау жалғасып жатыр. Өзге ауылдарда да қазақ тілін меңгергісі келетіндер бар», — деді Түмен облысындағы қазақтардың ұлттық-мәдени автономиясының президенті Есенғали Ыбыраев.

Ол ауылдағы қазақтар дәстүрді сақтап қалғанын айтты.

«Дәл осы жерде бірнеше жыл бұрын Түмен облысы қазақтарының алғашқы құрылтайы өтті. Бүгінде Дүйсенбай аға Беқұжынов жетекшілік ететін біздің автономияның жергілікті бөлімшесі ұлттық-мәдени жобаларды белсенді жүзеге асырады», — деді Ыбыраев.

Бұл бір керемет жаңалық екен! Ресейдің сонау Сібір жеріндегі ауылдарында қазақ сыныптары ашылып жатыр. Осынау игі бастаманың басында жүрген баурымыз Есенгалий Ибраев-қа сәттілік тілейміз!

Опубликовано Айгуль Эсеналиевой Суббота, 18 января 2020 г.

Қазақстанның Ресейдегі елшілігінің мәліметіне сәйкес, Голышманов ауданында екі мыңға жуық қазақ тұрады.

Өткен жылдың қазан айында Түмен облысындағы Упорово ауылында жаңа қазақ сыныптары үшін алғашқы қоңырау соғылды.

Оқи отырыңыз:

Соңғы жаңалықтар

Нұр-Сұлтанда көпбалалы және мүгедек баласы бар аналар пәтер талап етті

Кем дегенде елу әйел пәтер беруді талап етіп, рұқсат етілмеген митингіге шықты. Наразылық білдірушілер – көпбалалы және мүгедек балалардың аналары, кейбірі кәмелетке толмаған баласын...

Тоқаев парламенттік оппозиция туралы конституциялық заңға қол қойды

Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев "Қазақстан Республикасының парламенті және оның депутаттарының мәртебесі туралы" конституциялық заңға енгізілген түзетулерге қол қойды, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.  Елімізде демократиялық үрдістерді...

Итін айуандықпен қорлаған адам заң алдында жауап беретін болды – Атырау

Атырауда өз итін буындырып, одан соң басын тоңазытқыштың есігіне қысып, айуандықпен қорлаған ер адам заң алдында жауап береді, деп хабарлайды КТК телеарнасы. Итін қорлаған иесінің...

Өзбек-қырғыз шекарасындағы бұлаққа талас төбелеске ұласқан

Өзбек-қырғыз шекарасындағы шиеленісті екі елдің құзырлы органдары бірлесіп тергейтін болды, деп хабарлайды КТК телеарнасы. Қос мемлекеттің үкіметі осындай келісімге келді. Шекаралық аймақтағы қақтығысқа кінәлілер заң...

Алматыда той жасауға рұқсат берілді ме

Алматыда банкет пен той өткізуге болмайды. Бұл жайында қаланың бас санитар дәрігері Жандарбек Бекшин брифинг барысында мәлімдеді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан. "Қазір қоғамдық тамақтану орындарының...

Марқұм полиция қызметкерінің анасы: Мен келінімнің сөзін растаймын…

Алматыдағы блок-бекеттегі көлік апатынан қайтыс болған полиция қызметкерінің бірінің анасы Президенттен көмек сұрады. Ол осыған дейінгі келінінің сөзін растап, кінәлілерді жазалауды сұрайды, деп хабарлайды...

Алматы облысында аю талаған адамға қатысты тың мәлімет жарияланды

Алматы облысында қонжығын қорғамақ болған аю балық аулауға барған адамды талап өлтірді, деп хабарлайды Polisia.kz. Қайғылы оқиға 30 мамыр күні сағат 06.25 шамасында Алматы облысы...