Ресейлік вакцинаны салдырған үш дәрігерден коронавирус анықталды

Фото pixabay.com сайтынан алынды

Алтай өлкесінде коронавирус инфекциясына қарсы вакцина салдырған 42 дәрігердің үшеуі COVID-19 жұқтырған. Бұл туралы Алтай өлкесі денсаулық сақтау министрлігінің ресми сайтында хабарланды, деп жазады KAZ.NUR.KZ.

Вакцина әзірлеушілердің мәліметінше, вакцина екі компоненттен тұрады: адам бірінші инъекциядан соң үш аптадан кейін екіншісін алады.

Екінші вакцинациядан соң үш аптадан кейін ғана адам вакцинацияланған және сәйкесінше коронавирус инфекциясынан қорғалған болып саналады, өйткені осы уақыт аралығында иммунитетті қалыптастыру процесі жүріп жатады.

ДСМ хабарлауынша, вакцина қабылдаған, бірақ бүгінде ауру жұқтырған дәрігерлердің иммунитеті, мүмкін қалыптасып үлгермеген. Ақ халаттылардың ауру жұқтыруына тек осы себеп бола алады екен.

Оқи отырыңыз: