Басты бет Қоғам Құрманғазы оркестрі мен Аружан Саинның қоры бірлесе жоба жасамақшы

Құрманғазы оркестрі мен Аружан Саинның қоры бірлесе жоба жасамақшы

Құрманғазы атындағы Қазақ мемлекеттік академиялық халық аспаптар оркестрі мен «Милосердие» қоғамдық қоры (ДОМ — ред.) арасында қайырымдылық концерттерін өткізу туралы меморандум жасалды. Аталмыш құжатқа ДОМ директоры Аружан Саин мен Құрманғазы оркестрінің директоры Қуанышбек Мұханғалиев қол қойды, деп хабарлайды MediaWorld.kz.

85 жылдық тарихы бар Құрманғазы оркестрі осы уақытқа дейін түрлі қайырымдылық шараларына белсене атсалысып келеді.

Қарттар үйінде, балалар үйінде және мүгедек жандарға арналған ұйымдарда талай мәрте өз өнерін көрсетіп жүрген ұлы оркестр еліміздегі өзге мәдени ұжымдардың арасында алғашқылардың бірі болып осындай игі істі бастады.

Қазақтың төл өнерін дәріптеп жүрген өнер ордасы осы жолы да мұқтаж жандарға қол ұшын созуды мақсат тұтып, Қазақстандағы бала құқықтары жөніндегі уәкіл Аружан Саинмен бірлесе жұмыс істемекші.

Ал «Милосердие» қоғамдық қоры 2006 жылдың сәуір айында өз жұмысын бастап, бүгінге дейін айықпас дертке шалдыққан бүлдіршіндердің өмірі үшін күресіп келеді.

ДОМ негізгі үш бағыт бойынша түрлі қайырымдылық шараларын ұйымдастырады. Солардың ішінде «Балаларға өмір сыйла» тұрақты акциясы ауыр сырқатқа шалдыққан қазақстандық балалардың еміне қаражат жинаумен айналысады.

Осы орайда Құрманғазы атындағы Қазақ мемлекеттік академиялық халық аспаптары оркестрі мен Аружан Саин бастаған қоғамдық қор ортақ келісімге келіп, аталмыш акция бойынша түрлі қайырымдылық шараларын жасау туралы шешім шығарды.

Қос тарап қол қойған меморандум аясында өткізілетін алғашқы концерт 23 ақпанға жоспарланған.

Қайырымдылық кеші Алматы қаласындағы Құрманғазы оркестрінің концерт залында өтеді деп күтілуде.

Оқи отырыңыз:

Соңғы жаңалықтар

Нұр-Сұлтанда көпбалалы және мүгедек баласы бар аналар пәтер талап етті

Кем дегенде елу әйел пәтер беруді талап етіп, рұқсат етілмеген митингіге шықты. Наразылық білдірушілер – көпбалалы және мүгедек балалардың аналары, кейбірі кәмелетке толмаған баласын...

Тоқаев парламенттік оппозиция туралы конституциялық заңға қол қойды

Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев "Қазақстан Республикасының парламенті және оның депутаттарының мәртебесі туралы" конституциялық заңға енгізілген түзетулерге қол қойды, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.  Елімізде демократиялық үрдістерді...

Итін айуандықпен қорлаған адам заң алдында жауап беретін болды – Атырау

Атырауда өз итін буындырып, одан соң басын тоңазытқыштың есігіне қысып, айуандықпен қорлаған ер адам заң алдында жауап береді, деп хабарлайды КТК телеарнасы. Итін қорлаған иесінің...

Өзбек-қырғыз шекарасындағы бұлаққа талас төбелеске ұласқан

Өзбек-қырғыз шекарасындағы шиеленісті екі елдің құзырлы органдары бірлесіп тергейтін болды, деп хабарлайды КТК телеарнасы. Қос мемлекеттің үкіметі осындай келісімге келді. Шекаралық аймақтағы қақтығысқа кінәлілер заң...

Алматыда той жасауға рұқсат берілді ме

Алматыда банкет пен той өткізуге болмайды. Бұл жайында қаланың бас санитар дәрігері Жандарбек Бекшин брифинг барысында мәлімдеді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан. "Қазір қоғамдық тамақтану орындарының...

Марқұм полиция қызметкерінің анасы: Мен келінімнің сөзін растаймын…

Алматыдағы блок-бекеттегі көлік апатынан қайтыс болған полиция қызметкерінің бірінің анасы Президенттен көмек сұрады. Ол осыған дейінгі келінінің сөзін растап, кінәлілерді жазалауды сұрайды, деп хабарлайды...

Алматы облысында аю талаған адамға қатысты тың мәлімет жарияланды

Алматы облысында қонжығын қорғамақ болған аю балық аулауға барған адамды талап өлтірді, деп хабарлайды Polisia.kz. Қайғылы оқиға 30 мамыр күні сағат 06.25 шамасында Алматы облысы...