“Ролан Гаррос” турнирінде 2020 жылдан бері алғаш рет ең ұзақ матч өтті

Фото: BasSport.kz

Әлемнің тоғызыншы ракеткасы италиялық Янник Синнердің неміс спортшыаы Даниэль Альтмайермен “Ролан Гаррос” турнирі екінші айналымы аясында өткізген ойыны 5 сағаттан астам уақытқа созылды, деп хабарлайды BasSport.kz тілшісі.

2020 жылдан бері Париждегі бәсекеде бұлай ұзаққа созылған ойын болмаған. 5 сағат 26 минутқа созылған матчта Даниэль Альтмайер 21 жастағы италиялық теннисшіні 6:7 (0:7), 7:6 (9:7), 1:6, 7:6 (7:4), 7:5 есебімен жеңіске жетті.

2020 жылы Лоренцо Джустино мен Корентен Муте осы “Ролан Гарроста” 6 сағат 5 минут бойы ойнаған.