Басты бет Оқиға Ұрып-соғып жезөкшелікке мәжбүрлеген! Қызды құлдықтан құтқару операциясы (видео)

Ұрып-соғып жезөкшелікке мәжбүрлеген! Қызды құлдықтан құтқару операциясы (видео)

Құлдықтан қашып құтылған қыз! Алматыда 25 жастағы бойжеткен өзін біреулердің ұрлап әкетіп, жөзекшелік жолға түсірімек болғанын айтып шағымданды, деп хабарлайды КТК телеарнасы.

Қатты соққыдан есеңгіреп әрең тілге келсе де, жәбірленуші полицейлерге өзін қай жерде және кімдердің қамап ұстағанын көрсетіп берді.

«Зорлық-зобылықтың құрбаны болдым» деген 25 жастағы бойжеткеннің денесінің сау тамтығы қалмаған – басы жарылып, үсті-басы түгел қанталап кеткен. Ауыр соққыдан есеңгіреп, әлсіреп қалыпты. Солығын баса алмаған ол сол күнгі оқиғаны қорқынышпен еске алады.

Жәбір көрген қыз:

— Қарап тұрмаңдаршы, бәрің неге қарап тұрсыңдар?! Тамақ ішетін ожаумен, сосын тоқ ұзартқыштың бауымен буындырып, арқамнан яқпен теуіп, қолымен ұрып, тізесін батырды.

— Кім деген ұрды?

— Камила мен Аида ұрды.

Бойжеткеннің айтуынша, жұмыстан қайтқан бетінде оны ұрлап кетіп соққыға жыққандардың бірі туысқан ағасының бұрынғы әйелі екен. Ең сорақысы, қорғансыз жанды аяусыз тепкілегендер оны қорқытып-үркітіп, жеңіл жүрісті қыздардың қатарына қоспақ болыпты.

Жәбір көрген қыз:

— Жезөкше болып жұмыс жасайсың, істемесең, қағаздар жасап қойдым, апарып әке-шешеңе көрсетемін деді. Кешкісін мені Северное кольцо 32/Д немесе Г, сол мекен-жайда автожуғыш бар, соның жертөлесінде жезөкшелер ұясы бар. Сол жерге алып барды.

Осылайша екі күн құлдықта болған ол ретін тауып, түн ішінде жақындарына хабарласқан. Өзін қай жерде күштеп ұстап отырғанын айтып үлгеріпті. Бірақ айтылған мекенге тәртіп сақшыларымен бірге жеткен туысқандары үйге кіре алмай, кері қайтыпты. Ал істің насырға шапқанын білген сыбайластар ертеңіне оны Сайран автобекетіне ертіп әкелген.

Әпкесі:

— Толық қыз сіңілімді жетектеп қасында келді. Сіңілімді көрдім. Құшақтап амандасқанда, «әпше, маған көмектесші, алып қашшы» деп жылады.

Алайда үйге жеткенше, белгісіз көлік аңдып келгенін айтқан әпкесі «сыртқа шығуға қорқамыз» дейді. «Екі жігіт торуылдап жүр» деген олар тек біздің көз алдымызда полиция шақырды. Ал тәртіп сақшыларына мән-жайды түсіндірген жәбірленуші өзін қай жерде күшпен ұстағанын көрсетіп берді.

— Қайсы?

— Мына жасыл қақпа. Қорқамын аға, кете берейінші, өтініш. Шығып қалса, қорқамын.

— Басқа қыздар болды ма?

— Иә, ішінде болды.

— Олар кім?

— Олар сол тәтеге жұмыс істейтіндер.

Жәбірленуші көрсеткен үй маңайында әп-сәтте сақшылардың қарасы  көбейіп, тіпті оқиға орнына жедел-тергеу тобы алып-ұшып жетті. Абыр-сабырды естіген көршілер бұл үйден талай рет жеңіл жүрісті қыздарды көргенін айтады. Ал алғашында қақпасын ашудан бас тартқан үй иесі, артынша полицейлерге тап берді.

Полицейлер үйдің ішін тінтіп, бірнеше адамды ішкі істер басқармасына алып кетті. Ал айдың күннің аманында зорлық көрген бойжеткен әлі де қауіпсіздігі үшін алаңдайтынын жасырмады.

Оқи отырыңыз:

Соңғы жаңалықтар

Қазақстанда Қырым немесе Донбасс сценариі қайталанбайды – Тоқаев

Қазақстанда Қырым немесе Донбасс сценариі қайталанбайды. Бұл туралы Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев "Комсомольская правдаға" берген эксклюзивті сұхбатында айтты, деп хабарлайды zakon.kz. Кейбір сарапшылар Қырым немесе...

Нұр-Сұлтанда көпбалалы және мүгедек баласы бар аналар пәтер талап етті

Кем дегенде елу әйел пәтер беруді талап етіп, рұқсат етілмеген митингіге шықты. Наразылық білдірушілер – көпбалалы және мүгедек балалардың аналары, кейбірі кәмелетке толмаған баласын...

Тоқаев парламенттік оппозиция туралы конституциялық заңға қол қойды

Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев "Қазақстан Республикасының парламенті және оның депутаттарының мәртебесі туралы" конституциялық заңға енгізілген түзетулерге қол қойды, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.  Елімізде демократиялық үрдістерді...

Итін айуандықпен қорлаған адам заң алдында жауап беретін болды – Атырау

Атырауда өз итін буындырып, одан соң басын тоңазытқыштың есігіне қысып, айуандықпен қорлаған ер адам заң алдында жауап береді, деп хабарлайды КТК телеарнасы. Итін қорлаған иесінің...

Өзбек-қырғыз шекарасындағы бұлаққа талас төбелеске ұласқан

Өзбек-қырғыз шекарасындағы шиеленісті екі елдің құзырлы органдары бірлесіп тергейтін болды, деп хабарлайды КТК телеарнасы. Қос мемлекеттің үкіметі осындай келісімге келді. Шекаралық аймақтағы қақтығысқа кінәлілер заң...

Алматыда той жасауға рұқсат берілді ме

Алматыда банкет пен той өткізуге болмайды. Бұл жайында қаланың бас санитар дәрігері Жандарбек Бекшин брифинг барысында мәлімдеді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан. "Қазір қоғамдық тамақтану орындарының...

Марқұм полиция қызметкерінің анасы: Мен келінімнің сөзін растаймын…

Алматыдағы блок-бекеттегі көлік апатынан қайтыс болған полиция қызметкерінің бірінің анасы Президенттен көмек сұрады. Ол осыған дейінгі келінінің сөзін растап, кінәлілерді жазалауды сұрайды, деп хабарлайды...