Басты бет Қоғам Сәбиді тепкінің астына алған ер адам ең ауыр жаза арқалауы мүмкін (видео)

Сәбиді тепкінің астына алған ер адам ең ауыр жаза арқалауы мүмкін (видео)

Алматыда екі жасар өгей баласын ұрып өлтірді деп айыпталған азаматқа қатысты сот басталды, деп хабарлайды КТК телеарнасы.

Сәбидің сау-тамтығын қалдырмай тепкінің астына алған еркек ең ауыр жаза арқалауы мүмкін. Оны судья бірден айтты. Айыпталушының өмірбақи түрмеге тоғытылуы мүмкін екенін естіген туыстары сот залында жылап жіберді.

Тырнақтай баланы тепкінің астына алған еркек осы. Оның жуан жұдырығынан сәби сол күйі есін жимады. Асқан қатігездік танытқан өгей әкенің өкінішке қарай түрін түстеп көрсете алмаймыз. Өйткені Жеңіс Құрманғазин өзін түсіруге тыйым салды.

Журналистерге өктем сөйлеген өгей әке сотта да дөрекілігін көрсетті. Екі жасар баланы жауыздықпен ұрып өлтірді деп айыпталған еркектен жауап алуды бастаған судья бірінші кезекте туған балаларының бар-жоқтығын сұрады.

Өзінің де кішкентай балалары бар. Бірақ ол туған бала-шағасымен араласпайтын боп шықты. Жалпы, сот процесі тосын жайтқа толы болды. Мәселен, сот залына аяқ астынан бет-аузын тұмшалап алған біреу кіріп келді. Бейтаныс жанның беталды әрекеті судьяның ашуын шақырды. Сөйтсе бөлмеге баса-көктеп кірген сотталушының туған қарындасы екен. Ағасын қолдауға келгенін айтқан әйел кірген бойда беттен алып, төске шапты.

Мұнда тек баладан айырылған ана ғана үнсіз отырды. Әсел Теңізбаева сотқа жалғыз келген. Бір жылға жуық бірге тұрған сотталушыға әйел көз қырын да салмады. Күдіктінің өзі де қарауға дәті бармай, басын салбыратқан күйі отырды.

Баланың жантүршігерлік өліміне қатысты сот процесінің ұзаққа созылмайтын түрі бар. Себебі, судья сотталушыға бірден ең ауыр жаза тағайындайтынын ескертті. Мұны естіген еркектің туыстары сот залында жылап жіберді.

Әсел Теңізбаева, марқұмның анасы:

— Қатаң жазалана ма, өмірбақи отыра ма, шыға ма,  ол маған менің баламды қайтарып бермейді. Бұл жерде ол жазасын алса, о дүниеге барғанда Алланың жазасын алады. Мен соған сендім.

32 жастағы Жеңіс Құрманғазинге ең ауыр баппен айып тағылған. Яғни кәмелетке толмаған баланы асқан қатігездікпен ұрып өлтірді деген. Оған сәйкес, Түркістан облысының тумасы өмірбақи бас бостандығынан айырылуы мүмкін. Естеріңізіге салсақ, жантүршігерлік оқиға қыркүйекте болған. Анасы жұмысқа кетіп, жылай берген баланы өгей әке өлімші етіп ұрды. Сәбиді есінен танғанша соққыға жыққан азамат оны өзі ойнап жүріп құлап қалды деп ауруханалардың біріне апарып тастаған. Ал сәби сол күйі есін жимады.

Оқи отырыңыз:

Соңғы жаңалықтар

Назарбаев әуежайында оқ атылды: оқиғаның мән-жайы белгілі болды

Нұр-Сұлтан қаласындағы әуежайда абайсызда атылған оқтан үш адам зардап шекті, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі. Бұл оқиға 3 желтоқсанда болған. Алайда ол туралы енді ғана...

ҰҚК «Олимп» букмекерлік кеңсесіне қатысты тергеу жүргізе бастады (видео)

Алматы қаласы бойынша ұлттық қауіпсіздік комитеті департаменті мен қалалық прокуратура "Олимп" букмекерлік кеңсесінің әкімшілігіне қатысты сотқа дейінгі тергеуді бастады. Олар заңсыз ойын бизнесін ұйымдастырды...

Қорғаныс министрлігінің штаб батальоны командирі пара үшін сотталды

Алматы қаласының Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметімен ҚР Қорғаныс министрлігінің "61993 әскери бөлімі" РММ-нің штаб батальоны командирі Н.С.Қойбақовқа қатысты әскери қызметкердің әскери қызметін 1 айға...

Ауыл шаруашылығы министрлігі білім гранттарын бөлетін болды

ҚР Білім және ғылым министрлігінің ауыл шаруашылығы мамандықтары бойынша білім беру гранттарының көлемін анықтау жөніндегі функциялары Ауыл шаруашылығы министрлігіне беріледі, деп хабарлайды zakon.kz ҚР...

Батысқазақстандық әкімдердің әйелдері қонақ күтуден шаршаған (видео)

Іссапармен келген жоғары лауазымды шенеуніктерді қонақ қылып, сый-сияпат көрсетуден шаршаған Батыс Қазақстан облысындағы ауыл әкімдерінің бірі қызметінен кетті, деп хабарлайды Астана телеарнасы. Ал қалған әкімдер...

Елімізде кейбір мұғалімдерге 2,5 миллион теңге сыйақы төленеді

Халықаралық олимпиада, конкурстар мен спорттық жарыстардың жеңімпазын, жүлдегерін дайындаған мұғалімдерге үш лауазымдық айлық ақы мөлшерінде біржолғы сыйақы төленеді. Мәжіліс депутаттары "Педагог мәртебесі" туралы заң...

Жеке куәлікте әке атын жазуға қатысты өзгеріс енгізілді

Қазақстандықтар жеке куәлікті рәсімдегенде екі есімнен тұратын әкесінің атын дефис арқылы жаза алады, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан. Депутат Майра Айсинаның айтуынша, бұған дейін екі сөзден...