Фото: pixabay.com

Ресейдің Хабаровск қаласында 43 жастағы ер адам әйелдерге шабуыл жасады. Бұл туралы осы елдің тергеу комитеті мәлімдеді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.

Тергеудің ақпаратына сәйкес, ақпанның бесі мен сегізі күні ер адам көшеде танымайтын әйелдерге шабуыл жасап, бірнеше жерден пышақ сұққан. Зардап шегушілер ауруханаға жеткізілді.

Күдікті не үшін мұндай қылмысқа барғанын айтты. Оның айтуынша, сүйетін әйелі өзіне қарамай қойған. Осындай қылмыс жасап, оның назарын аударуды көздепті.

Ер адам өзінің үйінде ұсталды. Оның қылмысы бірнеше рет қайталанғандықтан, маньяк деп қарастырылып отыр. Күдіктіден екі пышақ тәркіленді.

Оқи отырыңыз: