СҚО-да өртеніп кеткен үйден төрт адамның денесі табылды (фото)

102
Фото: ҚР ІІМ ТЖК

Бүгін таңғы уақытта СҚО-ның Есіл ауданына қарасты Ильинка ауылынан өрт шығып, нәтижесінде төрт адамнан тұратын отбасының өмірін жалмады деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ ІІМ ТЖК баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Жер үйде орын алған өрт оқиғасы туралы хабарлама өрт сөндірушілерге 29 тамызда сағат таңғы төрт шамасында келіп түсті.

Өртпен күресушілер бірден оқиға орнына аттанды. Олар келіп жеткен уақытта үйді, жабық ауланы, моншаны және тағы да басқа шаруашылық құрылыстарды толығымен өрт басып алған. Оған қоса, үйдің төбесі де қирап түсіп қалды.

Фото: ҚР ІІМ ТЖК

Оқиға куәгерлерінің сөзінше, үй ішінде адамдар болған. Өртті сөндіру жұмыстары кезінде 51 мен 28 жастағы екі ер адамның, 51 жастағы әйелдің және төрт жасар бүлдіршіннің денесі табылды.

Мамандар өрттің шығу себебін анықтап жатыр. Сағат 7:18-де өрт толығымен сөндірілді. Жалын 188 шаршы метр ауданға жайылған.

Фото: ҚР ІІМ ТЖК

Оқи отырыңыз: