Басты бет Оқиға СҚО-да жас босанған келіншек нәрестесін ұрып өлтірді деген күдікке ілінді

СҚО-да жас босанған келіншек нәрестесін ұрып өлтірді деген күдікке ілінді

Солтүстік Қазақстан облысында 28 жастағы әйел өзінің жаңа туған нәрестесін ұрып өлтірді деген күдікке ілінді. Дүниеге келгеніне бірнеше күн болған шақалақтың денесі өз үйінің жанынан табылған, деп хабарлайды КТК телеарнасы.

Нәресте сарай артындағы қоқыс үйіндісінің арасынан шықты. Әйел оны пакетке салып лақтыра салған. Тәртіп сақшылары мәйітті көргенде төбе шашы тік тұрғандарын айтады. Себебі, денесін тілгілеп, көгала қойдай етіп ұрыпты. Келіншектің нәрестені қайда, қалай босанғаны да белгісіз. Себебі, дәрігерлер оны перзхентханаға келмеген деп отыр. Мәліметке қарағанда, әйел ашынасымен бірге тұрған. Қиналып өлген сәби қыз бала екен. Ал күдікті әйел ауруханада жатыр. Беті бері қараған күні қолына кісен салынады.

Сән Жұманғазина, СҚО полиция департаменті бас маманы:

— Аталған факті ҚР ҚК 100-ші бабы, яғни жаңа туған баланы анасының өлтіруі бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексерудің бірыңғай тізіміне енгізілді. Жаңа туған баланың өлімінің себебін анықтау үшін сот-медициналық сараптамаға жіберілді.

Оқи отырыңыз:

Фото pixabay.com сайтынан алынды

Соңғы жаңалықтар

Қазақстанда Қырым немесе Донбасс сценариі қайталанбайды – Тоқаев

Қазақстанда Қырым немесе Донбасс сценариі қайталанбайды. Бұл туралы Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев "Комсомольская правдаға" берген эксклюзивті сұхбатында айтты, деп хабарлайды zakon.kz. Кейбір сарапшылар Қырым немесе...

Нұр-Сұлтанда көпбалалы және мүгедек баласы бар аналар пәтер талап етті

Кем дегенде елу әйел пәтер беруді талап етіп, рұқсат етілмеген митингіге шықты. Наразылық білдірушілер – көпбалалы және мүгедек балалардың аналары, кейбірі кәмелетке толмаған баласын...

Тоқаев парламенттік оппозиция туралы конституциялық заңға қол қойды

Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев "Қазақстан Республикасының парламенті және оның депутаттарының мәртебесі туралы" конституциялық заңға енгізілген түзетулерге қол қойды, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.  Елімізде демократиялық үрдістерді...

Итін айуандықпен қорлаған адам заң алдында жауап беретін болды – Атырау

Атырауда өз итін буындырып, одан соң басын тоңазытқыштың есігіне қысып, айуандықпен қорлаған ер адам заң алдында жауап береді, деп хабарлайды КТК телеарнасы. Итін қорлаған иесінің...

Өзбек-қырғыз шекарасындағы бұлаққа талас төбелеске ұласқан

Өзбек-қырғыз шекарасындағы шиеленісті екі елдің құзырлы органдары бірлесіп тергейтін болды, деп хабарлайды КТК телеарнасы. Қос мемлекеттің үкіметі осындай келісімге келді. Шекаралық аймақтағы қақтығысқа кінәлілер заң...

Алматыда той жасауға рұқсат берілді ме

Алматыда банкет пен той өткізуге болмайды. Бұл жайында қаланың бас санитар дәрігері Жандарбек Бекшин брифинг барысында мәлімдеді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан. "Қазір қоғамдық тамақтану орындарының...

Марқұм полиция қызметкерінің анасы: Мен келінімнің сөзін растаймын…

Алматыдағы блок-бекеттегі көлік апатынан қайтыс болған полиция қызметкерінің бірінің анасы Президенттен көмек сұрады. Ол осыған дейінгі келінінің сөзін растап, кінәлілерді жазалауды сұрайды, деп хабарлайды...