СҚО тұрғыны құстың орнына жидек жинап жүрген ауылдасын атып тастады

Фото pixabay.com сайтынан алынды

Солтүстік Қазақстан облысында ауыл тұрғыны далада жидек теріп жүрген әйелді кездейсоқ атып өлтірді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.

Облыстық прокуратура хабарлағандай, Жамбыл ауданында 49 жастағы әйел көз жұмған. Бауманская станциясының 65 жастағы тұрғыны ұсталды.

«Алдын ала мәліметке сәйкес, әйел жидек теріп жүрген. Күдіктінің айтуынша, ол құстарды атқан. Алайда әйел жараланғанын көрген кезде дереу жақын маңдағы ауылдың учаскелік полицейіне хабарлаған. Бұл тергеу барысында толық тексеріледі», — деп хабарлады прокуратурада.

Қажетті сот сараптамасы тағайындалды. Іс облыс прокуратурасының бақылауында.

Оқи отырыңыз: