Қарағанды облысының үш ауылында құс тұмауының өршуіне байланысты карантин жарияланды, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ Ауыл шаруашылығы министрлігі Ветеринариялық бақылау және қадағалау комитетінің Қарағанды аумақтық инспекциясының басшысына сілтеме жасап.
Карантин режимі енгізілген Тассуат, Жараспай және Езенді ауылдары Нұра ауданында орналасқан.
Мұнда соңғы үш тәулікте 100-ден астам тауық пен қаз өлген. Сарапшылар олардан құс тұмауын анықтаған.
Ауданда республикалық эпизоотияға қарсы жасақ Қарағанды облыстық филиалының ветеринарлар тобы жұмыс істейді. Олардың мақсаты — үй ауласындағы барлық құстарды тексеру.
Аймақтық инспекция жетекшісі Марат Мұхтаровтың сөзінше, ауылдардың жанында буферлік аймақ құрылды, онда тексеру және вакцинация жүргізіледі.
«Аурудың ауқымды өсуі жоқ, бірақ жекелеген жағдайлар бар. Құстардың өлімі тіркелген бұл ауылдарда ветеринарлар күн сайын бақылау жүргізеді», — деді Марат Мұхтаров.
Еске сала кетейік, Қостанай облысында құс тұмауына байланысты карантин енгізілді.
Сарыкөл, Ұзынкөл және Меңдіқара аудандарына карантин жарияланды. Облыстық ветеринария басқармасының басшысы Самат Қалиевтің айтуынша, ірі құс фабрикаларында өлім-жітім байқалмайды.
Айта кетсек, 23 қыркүйек күні Павлодар облысы Тереңкөл ауданы, Трофимовка ауылынан құс тұмауы тіркелді.
Оған қоса, Ақмола облысының тағы үш ауданында құстар қырыла басталды. Құстардың қандай себеппен қырыла бастағаны әлі белгісіз.
Оқи отырыңыз:
- Қатаң карантин қай кезде енгізіледі – денсаулық сақтау министрлігі түсініктеме берді
- Тоқаев коронавирустың келесі толқынына дайын болуға шақырды
- «Журналистер кәсіподағы тәуелсіз болуы тиіс» — журналист