Сағынтаев коронавирустың екінші толқынына дайындық туралы айтып берді

43
Фото pixabay.com сайтынан алынды

Алматы әкімі Бақытжан Сағынтаев коронавирустың екінші толқынына дайындық барысы туралы айтты. Екінші толқын болса, инфекциялық стационарлар қалай жұмыс істейтіні, медицина қызметкерлері тапшылығы қалай шешілетіні жайлы сөз етті, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.

Қала басшысының айтуынша, маусым-шілде айларындағы коронавирус жұқтыру көрсеткіші ескеріліп, бірқатар шара қабылданған. Олар денсаулық сақтау жүйесі тиімділігін арттыруға бағытталды. Жедел жәрдем қызметі мен медициналық-стационарлық көмекті күшейтуге ден қойылады.

Сондай-ақ, Сағынтаев ковидтік госпитальдерде төсек орын саны арттырылып жатқанын жеткізді. Алматыда ашуға дайындалып жатқан медициналық мекемелерді қоса есептегенде коронавируспен күресуге 32 стационар жасақталады, 7 226 орынға арналған.

«Бұған дейін жоспарланғандай қазанда бір мың орынға шақталған жаңа медициналық мекемелер ашылады. Жеке инвестициялар есебінен 215 орынға арналған екі толыққанды ковидтік клиника құрылады», — деді Сағынтаев.

Алматыда коронавирустың екінші толқыны болған жағдайда бес мыңнан астам медицина қызметкері резервте тұр. Сондай-ақ, медицина оқу орындарының интерн-дәрігерлері, оқытушылар мен резиденттердің те резерві жасақталды. Жаңа клиникаларды маманмен қамту үшін кадрлық ресурсты жоспарлау жұмысы жүріп жатыр.

Оқи отырыңыз: