
Telegram-да мүлік пен жерге «салық төлеуді ұмытып кеткен» қазақстандық әкімдердің тізімі жарияланды. Қаржы министрлігі Мемлекеттік кірістер комитетінің баспасөз қызметі пайда болған ақпаратқа түсініктеме берді, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.
Үш әкімнен тұратын тізім PROTENGE Telegram арнасында жарияланды.
Хабарламада Шымкент қаласының әкімі Мұрат Әйтенов, Жамбыл облысының әкімі Бердібек Сапарбаев және Түркістан облысының әкімі Өмірзақ Шөкеевтің «жер мен мүлік салығын 1 қазанға дейін төлеуді ұмытқаны» көрсетілген.
Атап айтқанда, Мұрат Әйтеновтің 39 194 теңге, Бердібек Сапарбаевтың 5 950 теңге, ал Өмірзақ Шөкеевтің 33 935 теңге қарыз екендігі жазылған.
Бұл ақпаратқа Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитеті түсініктеме берді.
«Техникалық қате болған жоқ. Олар салықты кеше, яғни төлеу мерзімінің соңғы күні төледі. Ақша дереу жеке шоттарға есептелді. Салық кодексінің 532-бабына сәйкес 2019 жылға мүлік салығын төлеу мерзімі 2020 жылдың 1 қазанынан кешіктірілмейді. Сәйкесінше салықтар уақытында төленді», – деп хабарлады министрліктің баспасөз қызметі.
Оқи отырыңыз:
- «Жағдайды қиындатып отырсыз»: Нығматулин денсаулық сақтау министрінің жұмысын сынады
- Қазақстанда тоғыз бірдей әкім отставкаға кетуге өтініш берді
- Тоқаев Трамп пен оның жұбайы Меланияның сауығып кетуін тіледі