Басты бет Қоғам «Самұрық-Энерго» Қазақстанның 2020 жылғы 5 айдағы электр энергиясы мен көмір нарығы туралы

«Самұрық-Энерго» Қазақстанның 2020 жылғы 5 айдағы электр энергиясы мен көмір нарығы туралы

Жүйелік оператордың деректері бойынша ҚР электр станциялары 2020 жылғы қаңтар-мамыр аралығында 45 577,5 млн.кВтсағ. электр энергиясын  өндірген, бұл 2019 жылдың дәл осындай кезеңінен 3,3%-ке көп, деп хабарлайды MediaWorld.kz «Самұрық-Энерго» АҚ-ның баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Артығымен өндіру Қазақстан БЭЖ-інің барлық зоналарында байқалды. «Самұрық-Энерго» АҚ-ның ресми сайтында орналастырылған, Қазақстанның   2020 жылғы қаңтар-мамыр аралығындағы электр энергиясы мен көмірінің нарығына жасалған талдау-есепте осы туралы айтылған.

2020 жылғы бес айда генерациямен байланыстырылған электр энергиясын өндіру 22,5 млрд. кВтсағатты құрады, бұл 2019 жылдың осындай кезеңімен барабар (22,8 млрд. кВтс). Сонымен бірге, 2019 жылғы қаңтар-мамырмен салыстырғанда байланыстырылған генерацияның үлесі кішігірім өсіп, ҚР-да өндірілген электр энергиясының жалпы көлемінің  49,6%-тін  құрады.

«Самұрық-Энерго» АҚ-ның энергия өндіретін ұйымдары 2020 жылғы қаңтар-мамырда өндірген электр энергиясының көлемі 12 225,7 млн. кВтсағатты құрады немесе 2019 жылғы осындай кезеңнің көрсеткіштерімен салыстырғанда 7%-ке ұлғайды.

Жүйелік оператордың деректерінше, өткен жылғы осындай кезеңнің көрсеткіштерімен салыстырғанда 2020 жылғы қаңтар-мамырда республиканың электр энергиясын пайдалану динамикасында 2% өсім байқалды. Мәселен, республиканың солтүстік зонасында тұтыну 2%-ке, батыс зонасында 5%-ке және оңтүстік зонасында 1%-ке өскен.

ҚР ҰЭМ Статистика жөніндегі комитетінің ақпаратынша, 2020 жылғы қаңтар-мамыр аралығында Қазақстанда 44 951,9 мың тонна тас көмір өндірілген, бұл 2019 жылғы осындай кезеңнен 2%-ке жоғары (43 874,7 мың тонна).

«Самұрық-Энерго» АҚ мен ресейлік «РусАЛ» БК тең негізде басқаратын, көмір өндіруші «Богатырь Көмір» ЖШС 2020 жылғы қаңтар-мамырда 19 428 мың тонна көмір өндірді, бұл 2019 жылдың осындай кезеңіне қарағанда 6%-ке көп (18 328 мың тонна). Осы кезең ішінде 19 498 мың тонна көмір сатылды, соның ішінде:

  • ҚР-ның ішкі нарығына 15 151 мың тонна, бұл 2019 жылдың осындай кезеңіне қарағанда 8,8%-ке көп (13 923 мың тонна);
  • экспортқа (РФ) – 4 346 мың тонна, бұл 2019 жылдың осындай кезеңіне қарағанда 1,8%-ке көп (4 271 мың тонна).

ЖЭК-терді пайдаланатын нысандар (КЭС, ЖЭС, БГС, шағын СЭС-тер) 2020 жылғы қаңтар-мамырда өндірген электр энергиясының көлемі 1 170,2 млн. кВтсағатты құрады. 2019 жылдың 5 айымен салыстырғанда (643,5 млн. кВтсағ.) өсім 81,8%-ті құрады.

Ағымдағы жылдың бес айында БГҚ-лардың және шағын СЭС-тердің электр энергиясын өндіруі төмендегені байқалады, ал ЖЭС және КЭС нысандарының электр энергиясын өндіруі артқан. 

«Самұрық-Энерго» АҚ-ның жаңартылатын энергия көздері (ЖЭК) нысандары (КЭС, ЖЭС, шағын СЭС-тер) 2020 жылғы қаңтар-мамырда өндірген электр энергиясының көлемі 143,5 млн. кВтсағатты немесе ЖЭК нысандары өндірген электр энергиясының жалпы көлемінің 12,3%-ін құрады, бұл 2019 жылғы осындай кезеңмен салыстырғанда 9,1%-ке жоғары («Самұрық-Энерго» холдингіне қарасты компаниялардың 2019 жылғы қаңтар-мамырда өндірген ЖЭК көлемі 131,5 млн. кВтсағатты, ал холдингтің ЖЭК-тегі үлесі 20,4%-ті құрады).

«Самұрық-Энерго» АҚ-ның ЖЭК нысандарында электр энегиясын өндірудің төмендеуіне себеп – ҚР ЖЭК-тің жаңа қуат көздерін іске қосу.

Қазақстанның 2020 жылғы қаңтар-мамыр аралығындағы электр энергиясы мен көмір нарығы жөніндегі Есеп туралы толығырақ ақпаратпен «Самұрық-Энерго» АҚ-ның сайтында мына сілтеме арқылы танысуға болады: https://www.samruk-energy.kz/ru/press-center/analytical-review

Фото: Екібастұз ГРЭС-1 / «Самұрық-Энерго» АҚ-ның баспасөз қызметі

Оқи отырыңыз:

Біздің әлеуметтік желілердегі аккаунттарымызға жазылыңыз:

Telegram, Instagram, Twitter, Facebook 

Сондай-ақ біздің Facebook –тегі тобымызға қосылыңыз

Соңғы жаңалықтар

«Мемлекет үшін халықтың несиесін жабу онша қиын шаруа емес» — қоғам белсендісі

Алматы қаласында өткен елдің несиесін кешіру туралы бейбіт шеруден кейін билік тарапы сәл жұмсарғандай рай таныта бастады. Мәжіліс депутаты Айқын Қоңыров қазақстандықтардың несиесін кешіру...

Оралда жемқорларға жиіркенішпен қарау акциясы өткізілді (видео)

Орал тұрғындарына жемқорды сабауға мүмкіндік берілді. Жұрт та қарап қалмай, парақорды таяқтың астына алып, кейбірі тіпті тұмсығын бұза жаздады, деп хабарлайды КТК телеарнасы. Бұл өңірдегі...

Екі судья мен полицейге қатысты тергеу басталғаны хабарланды (видео)

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі екі судьяға қатысты тергеудің басталғанын мәлімдеді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан. Ресми мәліметке сәйкес, бір судья Алматы облысының Ұйғыр ауданында ұсталды....

«Ұлттық арнаны Тұрсынбек Қабатов билеп отыр» — журналист

Журналист Ербол Мәндібек өзінің Facebook әлеуметтік желісінде Ұлттық арнаның саясатын сынап тағы бір жазба жариялады, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы. Ол жазбасында аталмыш арнаның рейтинг...

Денсаулық министрлігі пневмония жағдайының неге күрт өсіп шыға келгенін түсіндірді

Денсаулық сақтау министрлігі пневмония жағдайының неге күрт өскенін түсіндірді. Бұл бір мезетте 2 апта деректерінің базаға түсірілуімен байланысты болып шықты, деп хабарлайды zakon.kz. Қазақстанда коронавирус...

Мәжіліс сайлауы өтетін күнді кім және қалай белгілейді

Елде парламенттік сайлауды өткізу күнін белгілеу туралы мәселе Қазақстан Конституциясында көрсетілген, деп жазады Sputnik Қазақстан. Конституцияның 49-бабының екінші тармағына сәйкес, парламенттің өкілеттігі оның бірінші сессиясы...

Нұр-Сұлтанда елдің шотындағы ақшаны білдіртпей ұрлайтын банк менеджері сотталды

Нұр-Сұлтанда банк менеджері клиенттердің есепшоттарынан үлкен соманы шешіп алған, деп хабарлайды zakon.kz. Полиция департаменті банк клиенттерінің есепшоттарынан ақшаның ұрлану фактісі бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдарын...