Басты бет Оқиға Самарқанда интернатта оқитын бала түнде далада қалып, аяғын үсіріп алды

Самарқанда интернатта оқитын бала түнде далада қалып, аяғын үсіріп алды

Самарқанд облысы Акдария ауданында психикалық дамуы баяу балаларға арналған №63 мектеп-интернаттың 12 жастағы оқушысы Собитжон Ибрагимов ауруханаға түсті. Оның аяғы үсіп қалған, өкпесі ісінген, деп хабарлайды Сentralasian.org.

Самарқандық белсендінің хабарлауынша, 22 қаңтарда түнде бесінші сынып оқушысы Собитжон Ибрагимов жатақхана ауласындағы әжетханаға шыққан. Оқушы қайтып келгенде, жатақхана есігі жабық болған. Есікті ұзақ қаққанына қарамастан, оны ешкім ашпаған.

Сол күні кезекші тәрбиеші балалар санын түгелдемей, жатақхананы кілттеп, үйіне кетіп қалған.

Собитжон жатақхана ауласындағы сарайды түнеп шыққан. Сол түні -4 градус аяз болған.

12 жастағы Собитжонды таңертең тәрбиешілердің бірі сарайдан тауып алып, жедел жәрдем шақыртқан. Баланың жағдайы ауыр болғандықтан, оны жансақтау бөліміне жатқызды.

Аудандық білім бөлімі мектеп-интернаттағы оқиғаға қатысты шара қолданды. Білім мекемесінің басшылығына ескерту жасалды. Сол түні жатақхана есігін жауып кеткен тәрбиеші жұмыстан шығарылды.

Оқи отырыңыз:

Соңғы жаңалықтар

1 маусымнан бастап бүкіл Қазақстан бойынша блок-бекеттер алынып тасталады

1 маусымнан бастап бүкіл Қазақстан бойынша блок-бекеттер алынып тасталады, деп хабарлайды zakon.kz. Жалпы, Қазақстанда 313 халықаралық бағыттар жұмыс істейді, олар бойынша 610 автобусқа ие 88...

Алматы облысында 15 жасар қыз аяқ-астынан көз жұмды

Алматы облысында 2005 жылғы қыз кенеттен қайтыс болды. Оқиға орнына жеткен дәрігерлер оған көмектесе алмады, деп хабарлайды zakon.kz. Қайғылы оқиға туралы жазба Илзат Акчуриннің facebook-тегі...

14 жасқа дейінгі балалар ел ішінде ұшақпен тегін ұша алады

Мемлекет ата-аналары бірге ел ішінде саяхаттауға алып шыққан балалар тасымалы үшін әуе компанияларына ақы төлеуге дайын. Бұл туралы Туризм индустриясы комитетінің басшысы мәлімдеді, деп...

Халықаралық әуе рейстерінің қайта жанданғаны рас па: комитет жауап берді

Азаматтық авиация комитеті халықаралық рейстерге билет алушыларға үндеу жасады. Мамандардың айтуынша, әуе билеттерін сату және сатып алу халықаралық рейстердің ашылғанын білдірмейді деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ...

Бурабайда полиция қызметкері адам қағып өлтіріп, қашып кеткен

Полиция қызметкері тағы да жол апатын жасады! Жылдамдықты шамадан тыс асырған шенді тәртіп сақшысы Бурабайға кіре берісте адам қағып кеткен, деп хабарлайды КТК телеарнасы. Нұрлан...

Ақтөбеде хром қосылыстары зауытында 4 адам көз жұмды

Техника қауіпсіздігі ережесін бұзу салдарынан Ақтөбе хром қосылыстары зауытының төрт қызметкері қаза болды, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан. Оқиға 28 мамыр күні "АХҚЗ" АҚ-ның №4 цехында...

Тепловизор және дезинфекция түнелі: ҰБТ тапсыру орындары қалай жабдықталады

Қазақстанда мектеп түлектері ҰБТ-ны карантинге байланысты ерекше санитарлық жағдайда тапсырады, деп жазады Sputnik Қазақстан.   Ұлттық бірыңғай тестілеу өткізілетін орындар тепловизор, дезинфекция түнелі және аяқ киімді...