Басты бет Саясат Үкімет Сапарбаев 2020 жылы әлеуметтік салада қандай өзгерістер болатынын айтты

Сапарбаев 2020 жылы әлеуметтік салада қандай өзгерістер болатынын айтты

132 мың қазақстандықтың жәрдемақысы 2020 жылы 30%-ға артады, — деді ҚР Премьер-министрінің орынбасары Бердібек Сапарбаев ҚР Үкіметіндегі баспасөз конференциясында, деп хабарлайды zakon.kz.

Тұңғыш Президент – Елбасы Н. Назарбаевтың тапсырмасына сәйкес, 2020 жылдың 1 қаңтарынан бастап еңбекке қабілетінен айырылу, асыраушысынан айырылу және жұмысынан айырылу бойынша жәрдемақы алатын 132 мыңнан астам азаматқа әлеуметтік төлемдердің мөлшері орта есеппен 30%-ға артады.

Бұдан өзге, келесі жылдан бастап еңбекке қабілетінен айырылу және асыраушысынан айрылу бойынша әлеуметтік жәрдемақы алушыларға қайта есептеуге қосымша ретінде әлеуметтік төлемдерді 5%-ға индекстеу қарастырылған.

ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің мәліметі бойынша, ағымдағы жылдың 11 айында әлеуметтік төлемдердің жалпы сомасы 178,8 млрд теңгені құрады.

«Жалпы, еліміздің бюджетіндегі әлеуметтік шығындардың үлесі жыл сайын артып келеді. Салыстыру үшін айтар болсақ, 2018 жылы бұл үлес 43% болды, 2019 жылы – 45%, 2020 жылы — 50%. Бұл біздің ел басшылығының саяси бағыты әлеуметтік сипатта екенін, яғни халықтың әл-ауқатын арттыруға бағытталғанын білдіреді», — деді Бердібек Сапарбаев.

2019 жылғы 1 желтоқсандағы жағдай бойынша міндетті әлеуметтік сақтандыру жүйесі 6,3 млн-нан астам қазақстандықты қамтып отыр, бұл еліміздің жұмыспен қамтылған халқының 72%-нан астамын құрайды.

«Бүгінде біз дайынбыз. Қазақстандықтардың мәліметтерін өзектілендірдік, статустарын анықтап, есепке алдық, қолданыстағы ақпараттық жүйелерді кіріктірдік», — деді Сапарбаев.

2019 жылдың 11 айында жұмыс берушілер есебінен Әлеуметтік медиицналық сақтандыру қорына 275 млрд теңгеге жуық қаржы түсті. Жыл сайын кемінде 500-700 млрд теңге жинау міндеті жұр.

МӘМС енгізу нәтижесінде келесі жылдан бастап бір сақтандырылушыға шығындарының 57,5%-ға – 55 мың теңгеде 87 мың теңгеге дейін өсуі күтіледі, медициналық инфрақұрылым дамытылады, медициналық техникамен жарақтандырылу деңгейі 70%-дан асады, жоғары технолоргиялы медициналық көмекке қолжетімділік мен медициналық қызметтер көрсету сапасы артады.

Оқи отырыңыз:

Соңғы жаңалықтар

1 маусымнан бастап бүкіл Қазақстан бойынша блок-бекеттер алынып тасталады

1 маусымнан бастап бүкіл Қазақстан бойынша блок-бекеттер алынып тасталады, деп хабарлайды zakon.kz. Жалпы, Қазақстанда 313 халықаралық бағыттар жұмыс істейді, олар бойынша 610 автобусқа ие 88...

Алматы облысында 15 жасар қыз аяқ-астынан көз жұмды

Алматы облысында 2005 жылғы қыз кенеттен қайтыс болды. Оқиға орнына жеткен дәрігерлер оған көмектесе алмады, деп хабарлайды zakon.kz. Қайғылы оқиға туралы жазба Илзат Акчуриннің facebook-тегі...

14 жасқа дейінгі балалар ел ішінде ұшақпен тегін ұша алады

Мемлекет ата-аналары бірге ел ішінде саяхаттауға алып шыққан балалар тасымалы үшін әуе компанияларына ақы төлеуге дайын. Бұл туралы Туризм индустриясы комитетінің басшысы мәлімдеді, деп...

Халықаралық әуе рейстерінің қайта жанданғаны рас па: комитет жауап берді

Азаматтық авиация комитеті халықаралық рейстерге билет алушыларға үндеу жасады. Мамандардың айтуынша, әуе билеттерін сату және сатып алу халықаралық рейстердің ашылғанын білдірмейді деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ...

Бурабайда полиция қызметкері адам қағып өлтіріп, қашып кеткен

Полиция қызметкері тағы да жол апатын жасады! Жылдамдықты шамадан тыс асырған шенді тәртіп сақшысы Бурабайға кіре берісте адам қағып кеткен, деп хабарлайды КТК телеарнасы. Нұрлан...

Ақтөбеде хром қосылыстары зауытында 4 адам көз жұмды

Техника қауіпсіздігі ережесін бұзу салдарынан Ақтөбе хром қосылыстары зауытының төрт қызметкері қаза болды, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан. Оқиға 28 мамыр күні "АХҚЗ" АҚ-ның №4 цехында...

Тепловизор және дезинфекция түнелі: ҰБТ тапсыру орындары қалай жабдықталады

Қазақстанда мектеп түлектері ҰБТ-ны карантинге байланысты ерекше санитарлық жағдайда тапсырады, деп жазады Sputnik Қазақстан.   Ұлттық бірыңғай тестілеу өткізілетін орындар тепловизор, дезинфекция түнелі және аяқ киімді...