Басты бет Қоғам Сапарбаев ардагерлерге төленетін бір реттік төлемді теңестіруді тапсырды

Сапарбаев ардагерлерге төленетін бір реттік төлемді теңестіруді тапсырды

Үкімет басшысының орынбасары Бердібек Сапарбаев Жеңістің 75 жылдығына орай Ұлы Отан соғысының ардагерлері мен мүгедектеріне тұратын өңіріне қарамастан бірыңғай төлем белгілеуді тапсырды. Бұл туралы ведомствоаралық комиссияның отырысында айтылды, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.

Сапарбаев әрбір облыста Жеңіс мерейтойын атап өтуге дайындық бойынша өңірлік комиссиялардың жұмысын ұйымдастыру қажеттігін айтты.

Бұдан бөлек, вице-премьер еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігіне әкімдіктермен және «Қазақстанның ардагерлер ұйымы» орталық кеңесімен бірге Жеңістің 75 жылдығына орай Ұлы Отан соғысының ардагерлері мен мүгедектеріне төленетін бір реттік төлем сомасын теңестіру мәселесін пысықтауды тапсырды, деп хабарлайды премьер-министрдің сайты.

«Ұлы Отан соғысы ардагерлерін, тыл еңбеккерлерін, тарихи миссияны орындап, фашизмді жеңуге үлес қосқан қазақстандықтарды ардақтау жалпы мемлекеттік ауқымдағы шара. Біз күш-жігерімізді оларды жан-жақты қолдауға бағыттауымыз қажет. Ешбір ардагер назардан тыс, қамқорлықсыз қалмауы тиіс», — деді Сапарбаев.

Белгілі болғандай, отырыстың қорытындысы бойынша Жеңістің мерейтойына арналған жоспар жобасында барлығы 67 іс-шара қарастырылған. Оның арасында әскери парад та бар.

Оқи отырыңыз:

Соңғы жаңалықтар

Сыбайлас-жемқорлық индексі бойынша Қазақстан 113-ші орында тұр

Пара алу жағынан ішкі істер органдары алдына жан салмай келеді. Бұл туралы БАҚ өкілдеріне Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі мамандары хабарлады, деп жазады «Астана»...

Алматыда аудандық соттың төрағасы пара алды деген күдікпен ұсталды (видео)

Алматыда Бостандық аудандық сотының төрағасы ұсталды. Судья Алтынбек Баянов пара алды деген күдікке ілінген, деп хабарлайды КТК телеарнасы. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет таратқан видеода қара...

Шымкентте «сыра королінің» сарайлары мен үйлері аукционға шығарылды

Сотталған олигарх Тоқтар Төлешовтің қалған мүлкі электронды саудаға қойылды. Аукцион туралы Қазақстан қаржы министрлігі мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитетінің сауда алаңында жарияланды, деп хабарлайды...

Көкшетауда курстасын құтқару үшін жанталасқан жігіттер жайлы видео таралды

Шоқан Уәлиханов атындағы Көкшетау мемлекеттік университетінің студенті оқу орнының алтыншы қабатының терезесінен құлап түсті. Әлеуметтік желілерде оқиға орнында түсірілген видео таралып жатыр, деп хабарлайды...

Елімізде бірнеше полиция қызметкері ұсталды (видео)

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет ішкі істер министрлігінің жеке қауіпсіздік қызметімен бірлесіп, бірнеше облыста ІІМ қызметкерлері арасында жемқорлық фактілерінің алдын алды, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан. Батыс...

Әкімнің «креслосын» сатып алмақ болған шенді қызметінен айырылып тынды

Жамбыл облысында Әдеп жөніндегі кеңестің отырысында жергілікті кәсіпкерлердің бірімен телефон арқылы сөйлескен Меркі ауданы әкімінің орынбасары Мейіржан Сүлейменовтің ісі қаралды, деп хабарлайды zakon.kz Жамбыл...

Алматылықтар мен қытайлықтар жанжалдасып қалды: полиция түсініктеме берді

Әлеуметтік желілер мен мессенджерлерде қытайлық жастармен болған жанжалдың видеосы тарап жатыр, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан. Видеода бір топ қытайлық жас ұзын айдаһардың формасын ұстап тұр....