Басты бет Аймақтар Жамбыл облысы Сапарбаев Қордайдағы оқиғадан кейін мектеп директорларына шүйлікті

Сапарбаев Қордайдағы оқиғадан кейін мектеп директорларына шүйлікті

Мектеп директорлары өзін менеджер емес, сол мекеменің қожайыны сияқты сезінеді. Жамбыл облысының әкімі Бердібек Сапарбаев білім беру саласының қызметкерлерімен кездесуінде осылай деп мәлімдеді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан облыс әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Фото: Орталық коммуникациялар қызметі

«Оқу орындарының кейбір басшылары «менің мектебім», «менің ұстаздарым», «менің шәкірттерім» деген сияқты тіркестерді қолданып, өздерін ұйымдастырушы емес, меншік иесі секілді сезінеді. Мектеп – мемлекеттікі, ал директор – ауысып отыратын басқарушы болуы тиіс», — деді Сапарбаев.

Әкім білім беру ұйымдарындағы жемқорлық мәселесіне де тоқталды.

«Директор жұмысқа орналастырғаны үшін мұғалімнен ақша алса, одан сапалы жұмысты қалай талап етеді? Ол мұғалім кейін өз ақшасын ата-аналар арқылы қайтара бастайды, сыбайлас жемқорлық тізбегі осылай жалғаса береді», — деді өңір басшысы.

Сапарбаев Масаншы ауылындағы мектептен он жыл бойы бірде-бір «Алтын белгі»  немесе «Үздік аттестат иегері» шықпағанын, тек бір ғана түлектің грантқа қол жеткізгенін мәлімдеді.

«Міне, Қордайдағы оқиғаның түпкі себебін осыдан іздеу керек. Бұл сапалы білім мен жас ұрпақты тәрбиелеу, ұлттық дәстүрлерден алшақтау, мәдени-бұқаралық іс-шараларды ұйымдастыру деңгейінің төмендігін көрсетері сөзсіз», — деді ол.

Әкімнің айтуынша, тәрбие отбасы мен мектептен басталады, алайда соңғы уақытта осы әлеуметтік институттар арасындағы байланыс үзілген.

Сапарбаев мемлекет мұғалімдердің әлеуметтік және еңбек жағдайын жақсарту үшін маңызды қадамдар жасап жатқанын, ал қоғам олардан сапалы білім беруді талап ететінін атап өтті.

Кездесу соңында әкім жауапты тұлғаларды БАҚ пен әлеуметтік желілердегі сыни ескертпелерге жедел әрі мұқият ден қоюға шақырды.

Қордайдағы қақтығыс

7 ақпанда Жамбыл облысының Қордай ауданында жаппай тәртіпсіздік белең алып, салдарынан 10 адам қаза болды, 185 адам түрлі дене жарақатын алды. Масаншы ауылында 11 ақпанда үйінді астынан күйіп кеткен тағы бір адамның мәйіті табылды.

Сондай-ақ, 39 тұрғын үй мен 20 коммерциялық нысан және 47 автокөлік отқа оранып, күлге айналды.

Соңғы ақпарат бойынша полиция 90 қылмыстық іс қозғаған.

Оқи отырыңыз:

Соңғы жаңалықтар

1 маусымнан бастап бүкіл Қазақстан бойынша блок-бекеттер алынып тасталады

1 маусымнан бастап бүкіл Қазақстан бойынша блок-бекеттер алынып тасталады, деп хабарлайды zakon.kz. Жалпы, Қазақстанда 313 халықаралық бағыттар жұмыс істейді, олар бойынша 610 автобусқа ие 88...

Алматы облысында 15 жасар қыз аяқ-астынан көз жұмды

Алматы облысында 2005 жылғы қыз кенеттен қайтыс болды. Оқиға орнына жеткен дәрігерлер оған көмектесе алмады, деп хабарлайды zakon.kz. Қайғылы оқиға туралы жазба Илзат Акчуриннің facebook-тегі...

14 жасқа дейінгі балалар ел ішінде ұшақпен тегін ұша алады

Мемлекет ата-аналары бірге ел ішінде саяхаттауға алып шыққан балалар тасымалы үшін әуе компанияларына ақы төлеуге дайын. Бұл туралы Туризм индустриясы комитетінің басшысы мәлімдеді, деп...

Халықаралық әуе рейстерінің қайта жанданғаны рас па: комитет жауап берді

Азаматтық авиация комитеті халықаралық рейстерге билет алушыларға үндеу жасады. Мамандардың айтуынша, әуе билеттерін сату және сатып алу халықаралық рейстердің ашылғанын білдірмейді деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ...

Бурабайда полиция қызметкері адам қағып өлтіріп, қашып кеткен

Полиция қызметкері тағы да жол апатын жасады! Жылдамдықты шамадан тыс асырған шенді тәртіп сақшысы Бурабайға кіре берісте адам қағып кеткен, деп хабарлайды КТК телеарнасы. Нұрлан...

Ақтөбеде хром қосылыстары зауытында 4 адам көз жұмды

Техника қауіпсіздігі ережесін бұзу салдарынан Ақтөбе хром қосылыстары зауытының төрт қызметкері қаза болды, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан. Оқиға 28 мамыр күні "АХҚЗ" АҚ-ның №4 цехында...

Тепловизор және дезинфекция түнелі: ҰБТ тапсыру орындары қалай жабдықталады

Қазақстанда мектеп түлектері ҰБТ-ны карантинге байланысты ерекше санитарлық жағдайда тапсырады, деп жазады Sputnik Қазақстан.   Ұлттық бірыңғай тестілеу өткізілетін орындар тепловизор, дезинфекция түнелі және аяқ киімді...