Сарқан тұрғыны төрт жасар қызын өлтіргенін мойындады

Фото pixabay.com сайтынан алынды

Трагедия Алматы облысында бірнеше ай бұрын болған. Церебральды сал ауруына шалдыққан және ақыл-ойы кем қыздың 19 жастағы анасы ағасынан көмек сұрап, екеуі баланы тұншықтырып өлтірген, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.

Алматы облысының Сарқан қаласында мамыр айының ортасында қалалық қоқыстан жас қыздың бөлшектелген мәйіті табылды.

Полицейлер баланың 19 жастағы анасын анықтады, ол қыздың церебральды сал ауруына шалдыққанын және туа біткен ақыл-ой кемістігінен зардап шеккенін айтқан. Осы жылдың ақпан айында бала ауырып, кенеттен көз жұмды деп түсініктеме берген.

Қылмыстық іс Қылмыстық кодекстің 99-бабының 3-бөлігі бойынша тергелуде, бұл бапта кәмелетке толмаған баланы өлтіргені үшін жаза қарастырылған. Күдіктілер уақытша ұстау абақтысына қамалды. Олардың мүлкі тәркіленіп, ұзақ мерзімге сотталуы немесе өмір бойына бас бостандығынан айырылуы мүмкін.

Оқи отырыңыз: