Басты бет Әлем Сардоба су қоймасы апатынан зардап шеккендер қайырымдылық көмектің ұрланып жатқанын айтады

Сардоба су қоймасы апатынан зардап шеккендер қайырымдылық көмектің ұрланып жатқанын айтады

Су қоймасы бөгеті бұзылып, елдімекенді су басқан Сырдария облысының зардап шеккен тұрғындарына Өзбекстанның барлық аймағынан қайырымдылық көмек жіберіліп жатыр, деп хабарлайды centralasian.org.

61 жастағы Хасанбой Шерматов қайғылы оқиғадан зардап шеккен «Саховат» ауылының тұрғыны. 1 мамырда Сардоба су қоймасының бөгеті жарылып, жақын маңдағы елдімекенді су шайып кетті. 6 мамырда біразы үйіне оралған. Солардың бірі Хасанбой ақсақал. Ол үйінде жейтін тамағы жоқ екенін айтады.

– Мен әйелім және немереммен тұрамын. Қазір ауылда ешқандай дүкен істемейді. Ауыл басшылығына барып, отбасыма азық-түлік сұрадым. Ол жақтағылар бәрі бітіп қалды деді. Көршіміздің бірі шелпек пісірген екен. Соны әкеп берді, – дейді 61 жастағы зейнеткер.

Ақ алтын ауданы әкімшілігі қызметкерлерінің бірі келіп жатқан қайырымдылық көмектің ұрланып жатқанын жоққа шығармайды.

– Қайырымдылық көмектің алғашқы топтамасы 3 мамырда кешкісін келді. Біз оларды Sub-dry фирмасының қоймасына қойдық. Күнде олардың бір бөлігін ауыл ауылға тасып, таратады. Өтірік айтпай-ақ қояйын, жергілікті прокуратура және әкімшілік қызметкерлері осы азық-түліктен өздеріне тамақ пісіруді бұйырады. Әкімнің ұлы келіп, көлігіне азық-түлік тиеп әкеткенін өз көзіммен көрдім, – дейді әкімшілік қызметкері.

Ақ алтын ауданы әкімінің орынбасары Олим Абдуллаев болса мұны теріске шығарды.

Әкімшілік мәліметінше, су басқан аудандардан 44 мың 380 адам эвакуацияланған. Су басылғаннан кейін 41 мыңнан астам адам үйіне қайтып оралған.

Топан су үш ауылға ауыр зардап әкелген. «Шодлик» ауылы үйлерінің 90 проценті бұзылған. «Ахиллик» ауылы үйлерінің 50 проценті, «Саховат» ауылы үйлерінің 30 проценті қайта жөндеуге келмейді.

Қазір үш ауылдың тұрғындары жергілікті мектептерге уақытша орналастырылған.

Ел президенті Шавкат Мирзияевтің тапсыруымен 2020-2021 жылдары Сырдария облысының Сардоба, Ақ алтын және Мирзаабад аудандарына көпқабатты 50 үй салынбақ.

Оқи отырыңыз:

Фото: centralasian.org

Біздің әлеуметтік желілердегі аккаунттарымызға жазылыңыз:

Telegram, Instagram, Twitter, Facebook 

Сондай-ақ біздің Facebook –тегі тобымызға қосылыңыз

Соңғы жаңалықтар

Астанада жедел жәрдем бригадаларының саны азайғаны рас па?

Қазнетте Астанада жедел жәрдем бригадаларының саны азайғандығы туралы ақпарат тарады. Онда мұндай шешімді жедел жәрдем станциясының басшысы Мұрат Оразбаев жеке өзі қабылдағаны айтылған, деп...

Қазақстандықтардың моншаға аз баруына не себеп

Мәжіліс отырысында депутат Ерлан Саиров қазақстандықтардың моншаға аз бара бастағанын айтты. Оның пікірінше, оған азық-түлік бағасымен қоса қызмет көрсетудің де қымбаттауы себеп, деп хабарлайды...

Алдағы демалыс күндері 44 градусқа дейін ыстық болады

Синоптиктер 2023 жылдың 3-5 маусымында Қазақстанда ауа райы қандай болатынын айтты.   Болжамға сәйкес, еліміздің басым бөлігінде қатты аптап ыстық күтіледі, деп хабарлайды inbusiness.kz. "Қазгидромет" РМК хабарлауынша,...

“Ролан Гаррос” турнирінде 2020 жылдан бері алғаш рет ең ұзақ матч өтті

Әлемнің тоғызыншы ракеткасы италиялық Янник Синнердің неміс спортшыаы Даниэль Альтмайермен “Ролан Гаррос” турнирі екінші айналымы аясында өткізген ойыны 5 сағаттан астам уақытқа созылды, деп...

Қазақстанда ауыл мектептерінің саны күрт азайды

Ұлттық статистика бюросы Қазақстан мектептері жайлы деректерді жариялады, деп хабарлайды Ulysmedia.kz. Бюро мәліметінше, 2022-2023 оқу жылында барлығы 7687 мектеп жұмыс істеді. Ондағы мектептердің 31,6% қалада,...

Сенат спикері: Халықтың ақшасы тиімсіз жұмсалды

Сенат спикері Мәулен Әшімбаев халықтың ақшасы тиімсіз жұмсалып жатқанын айтты, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі. Сенаттың бүгінгі отырысында арнайы экономикалық аймақтар мәселесі қаралды. Индустрия және инфрақұрылымдық...

Мектеп оқушысы 30-ға жуық тілді қалай меңгеріп алғанын айтты

14 жастағы Айбат Ахметжан тілдерді меңгеріп қана қоймай оның тарихын да зерттеп, көне тілдерде еркін сөйлей алады. Бұл туралы полиглот жасөпірім "Таңшолпан" бағдарламасында айтып...